- Негізгі бет
- Психология
- Психологиялық тест. Көз...
Психологиялық тест. Көз не дейді?
Көз – сіз туралы толық ақпарат бере алатын жанның айнасы. Мына алдыңызда тұрған көз сіздің тұлғаңызды сипаттап бере ала ма? Олай болса, өзіңізге ұнаған бір жанарды таңдаңыз да, сәйкесінше төменде берілген сандар бойынша жауабын біліп көріңіз.
1. Ашық жансыз
Сіз өте ашық жансыз, қолыңызда соңғы тиыныңыз қалса да, біреумен бөліскіңіз кеп тұрады. Өмірде болып жатқан жағдайларға бейжай қарай алмайсыз. Қорыққаныңызды не жасқанғаныңызды ешкімге көрсетпейсіз. Өз мәселеңізді өзіңіз шешуге тырысасыз. Бірақ өзгеге көмектескіңіз келеді. Өзіңізге де, өзгелерге де күш-жігеріңізді арнай аласыз.
2. Саналы жансыз
Сіз үнемі жақсы жаңалық күтесіз, жаныңыз жақсылыққа құмар және ар-ұятқа берік жансыз. Сіздің әр қадамыңыздың адамдарға әсер ететіне сенімдісіз. Қиналғанда, өзгелерге білтірпейсіз, тұйықталып қаласыз. Осыған дейін көптеген әділетсіздіктерді көргенмен, жариялай бермейсіз. Үлгі тұтатын жандарыңыз көп-ақ, бірақ өзіңіз де біреулерге үлгі болғаныңызды қалайсыз.
3. Сотқар жансыз
Сіз өткеніңіз үшін кейде қатты ұяласыз. Өзгелерге өзіңіздің көлеңкелі тұстарыңызды көрсете бермейсіз. Сәтсіздіктеріңізді жан баласына білдіре бермейсіз, өз ойыңыз ішіңізді тынып жатыр. Болашаққа үнемі сеніммен қарайсыз. Тығырықтан оңай сытылып шығасыз.
4. Философсыз
Сіз – бәрін ойлап жүретін жансыз. Әр заттың пайда болғанына дейін зейінмен қарайсыз. Ойлаған нәрсені тез ұмыта салмайсыз. Біреуден күдіктеніп қалсаңыз, білдіртпейсіз. Сенімсіз болсаңыз да, ашылмайсыз. Сіз үшін бұл әдем басқатырғыш (пазл) секілді: өмірдің қызықты сәттерін құрастырғыңыз келеді. Әлем сіз ойлағандай болмағанымен, өз әлеміңізді ғажайыптан жасайсыз.
5. Жұмбақ жансыз
Сіз жан дүниеңізді аша бермейсіз, көңіл-күйіңіз жиі өзгереді. Көп адаммен сөйлесе бермейсіз. Одан гөрі өзіңіз өзгелерді көп сөйлетіп, көп білгіңіз келеді. Сонымен қатар, қолмен ұстап, көзбен көрген дүниеңізді ғана айтасыз. Артықшылығыңыз – осында.
6. Сезімтал жансыз
Сіз көрген-білгеніңізді ешқашан ұмытпайсыз. Айналадағы адамдарды жақсы түсінесіз. Сіз тым сезімталсыз. Сізді қуанту да, мұңайту да оңай. Бірақ, сезімталдығыңызды сырт көзге көрсеткіңіз келмейді, себебі жұрт сізді «қатты»деп ойлайды. Адамның күйін тез танисыз.
7. Қайратты жансыз
Сіздің бойыңыздағы күш-қуат шексіз. Сіздің бойыңызда жасандылықтың ұшқыны да жоқ. Айналада болып жатқан оқиғаларға немесе жаныңызда тұрған затқа біржақты пікірді ұстанасыз: я ұнайды, я ұнамайды. Жеңілгенді жек көресіз. Бастықтың керемет көмекшісі болмасаңыз да, идея сізде тұнып жатыр.
8. «Біртүрлі» жансыз
Дәстүр, ереже, заң деген дүниелермен жүру сізге тән емес. Себебі, бәрін өз қалауыңызбен жасайсыз. Сіздің жұмбағыңыз жоқ, демек елден ештеңе жасырмайсыз, бір саусағын ішінен бүгіп жүретіндерді де ұнатпайсыз. Бірақ, үнемі күлкіге қаласыз. Өзіңізге ұқсайтын адамды іздеумен жүрсіз. Ешкімге ұқсамайтындығыңыз осында жатыр.
9. Зерек жансыз
Адамдарды жақсы түсінесіз. Алдыңыздағы адамның қылықтарына, даусына қарап ол туралы тез біліп ала аласыз. Сізді алдап тұрса, сезесіз. Жаныңыздағыларға өзіңіз туралы сыр ашпайсыз. Өзгелерді де, өзіңізді де жақсы танисыз әрі біреудің сізді сөзбен басқарып отырғанын біле аласыз, өзгені де сөзбен басқара аласыз.
Г. Берік