Сізге біреу шабуыл жасады ма? Қандай әрекет жасайсыз? Қарсы жауап қайтарасыз ба? Берілесіз бе? Қорғанасыз ба? Шабуылдың мұндай түрлерімен күнделікте өмірде кездесетіндіктен, одан қорғанудың әдістерін барлық адамдардың білгені жөн. Бұл жерде физикалық шабуылдар емес, психологиялық шабуылдар жайында айтылып жатыр. Олар жанға әлдеқайда ауыр тиеді.
Көпшілік адамдар өзіне өзге біреудің дауыс көтергенін, қысым көрсеткенін, сын айтқанын ұната бермейді. Енді біреулер ондайға мүлдем мән бермей, көз жұма қарайды. Сол себепті мұндайда ешкімге зақым келмейтіндей етіп қорғана білген жөн.
Сабыр түбі – сары алтын. Бұл сөзді көп жерден естісек те, оны жүзеге асыра бермейміз. Сізге дауыс көтеріп, артық сөз айтып жатқан кезде ашулансаңыз, сіздің жеңілгеніңіз. Өзіңіздің әлсіз екендігіңізді мойындағаныңыз. Есіңізде болсын олар сізбен ойнап, сізден де мықты екендіктерін дәлелдеуге әрекет жасап жатыр. (Кейде бұлай жасап жатқандарын өздері де білмей қалып жатады). Бұл ойынға қосылмай, сырттай бақылауға тырысыңыз. Бірден ұрысып кетпестен, ойланып жауап қайтарыңыз. Іштей қанша ашуланып тұрып жасанды болса да эмоцияларыңызды жасыра біліңіз. Осылайша ашуды сарказмға, қорқынышты сақтық шарасына айналдыра аласыз.
Анықтау. Әдетті жас отбасыларда ақша қиын мәселелердің бірі. Ондайда әйелі күйеуіне немесе керсінше күйеуі «Бар ақшаны қайда жұмсайсың осы?» деп ұрысып жатады. Ал сіз оның орнына тіл табысуға тырысып, сөзіңізді «Қалай ойлайсың...» деп бастаңыз.
Сізді естімеуі мүмкін. Ашуланып тұрған адам сізді тыңдап тұрғанмен, сөздеріңізді қабылдамауы мүмкін. Мұндай жағдайға тап болсаңыз, үнемі бір сөйлемді қайталай беруге тырысыңыз. Мысалы:
- Мен сені қатты жақсы көретіндіктен, ашуың басылған соң тыңдауға әзірмін.
- Саған мен не айтсам да бәрібір, сен мені естімейсің.
- Мән-жайды түсіндірейін деген едім, бірақ...
Дауыс көтергеннен түк шықпайтындығын түсінген әңгімелесушіңіз бұл әрекетті қолдануын доғарады.
Кемшіліктеріңізді жасыра біліңіз. Ашуыңызға тиіп тұрған адамға нақты жауап қайтарудың қажеті жоқ. Әсіресе, сіздің әлсіздігіңізді білдіретін ескертулер жасап жатқанда. Мысалы, жұмыс күніңізді ретке келтіре алмайтындығыңызды айтса, «сөзіңнің жаны бар», «мүмкін сенікі де рас шығар», «ойлануға тұрарлық жерлері бар екен» деген секілді сөздерді қолданыңыз.
Өзіңізді ғана ойлаңыз. Айыпты болсаңыз, кінәңізді мойындаңыз. Сіздің бойыңыздағы бір қасиетті өзгертуге тырысып жатқанын байқасаңыз, оның дұрыс екендігін, алайда еш өзгергіңіз келмейтіндігін түсіндіріңіз. Байсалдылық танытқаныңыз өзіңізге жақсы. «Әбден кешігіп үйреніп қалдым. Сіздер де үйреніп қалған сияқтысыздар. Асығатын болсам, міндетті түрде бір нәрсені ұмытып кетемін. Уақтылы келу қолымнан келмейді» деп бар шындықты айтыңыз.
Әдетте психологиялық шабуылдар қорғана алмайтын немесе көп сөйлей бермейтін адамдарға қарсы жасалады. Ондайда арнайы тренингтерге барып, тепе-теңдік сақтауды үйренген жөн.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: вк желісінен