Психология – әлі толық зерттеліп бітпеген ғылым. Адамның кейбір әрекеттеріне бүгінде психологиялық анықтама табылса, кейбірі әлі түсіндірілмей келеді. Тіпті адамның өзі көп іс-әрекетін түсіндіре алмайтын кездері көп. Олардың бәрі сананың түбінде жатады, бейсаналы түрде орындалады.
1. Біз көбіне ата-анамызға ұқсас адамдарға ғашық боламыз. Мұның себебі ата-анамызбен балалық кезден шешілмей келе жатқан мәселелерден екен. Бейсаналы түрде біз есейген шақта сол мәселені шешіп алғымыз келеді.
2. Кембридж университетінің зерттеулеріне сүйенсек, «сзөегді әірпетрідң онараслу ртеі мыдаңзы еемс. Ең бтасысы, бішірні жнәе сғоңы әпріетр онырдраыдна бслоа жтеіктлікі».
3. Үйлену немесе жаңа жұмыс, оқу бітіру сияқты қуанышты оқиғалар да күйзеліске ұрындыруы мүмкін.
4. Ата-аналардың темекінің зияны жайлы әңгімесі балаларға көбірек әсер етеді. Қағида бойынша, жасөспірімдер ересектерге еліктеп темекі шегуді бастайды. Ал темекіден алатын әсермен көбіне сол ересектер бөліседі.
5. Психологияда мынадай принцип бар: қандай да бір іс-шарадан көп нәрсе күтсең, соншалықты көңілің қалады.
Көп нәрсе күтсең – аз аласың, аз нәрсе күтсең – көп аласың.
6. Көп адам таныс емес ортада оңға қарай бұрылады. Бұл ақиқатты білгеніңіз дұрыс: егер тобыр арасында қалғыңыз келмесе немесе ұзақ уақыт кезекте тұрғыңыз келмесе – сол жаққа қарай жүріңіз немесе сол жақтағы кезектен орын алыңыз.
7. Қызға сыйлық алдым, бірақ не екенін тап деп көріңіз. Ол өз қалауын айтып шығады.
8. Егер түнде жиі нашар түс көрсеңіз, бәлкім, тоңып жатқан боларсыз. Ғылыми факт – бөлме суық болған сайын жаман түс көру ықтималдылығы артады.
9. Зерттеушілердің пікірі бойынша, көк көзді адамдар бірнеше минуттың ішінде ғашық болады, ал қоңыр көзді адамдар бірден екі адамды жақсы көре алады. Жасыл көздіде бәрі басқаша, біреуге ғашық болу үшін оларға біраз уақыт керек, кейде тіпті бірнеше жыл. Көздері басқа түсті адамдар бір сағаттың ішінде ғашық болады.
Сурет: www.soul.az
Дайындаған: Анар Мұстафина