Адамдар арасында түсініспеушілік жиі орнайды. Кейде өзімізді өзіміз түсінбейтін кездер де болады. Оның барлығы адамның психологиялық жай-күйіне байланысты.
Біреу сізге оқиғасын баяндағанда, үндемей тыңдағаннан көрі басыңызды шайқасап не сұрақ қойып отырсаңыз, оны тыңдауға деген ықыласыңызды көрсетесіз.
Сөйлескен кезде қолы мен алақанын жасырмаса әрі сермеп тұрса – әңгімелесушісіне сенім білдіргені.
Біреуге сұрақ қойғанда, алған жауабыңызға қанағаттанбасаңыз, үндемеңіз, жүзінен көз алмастан қарап тұрыңыз. Сонда толық жауап беретін болады.
Көп адам бірге күлсе, әр адам өзіне көбірек ұнайтын адамға қарайды.
Біреумен танысқанда есімі есте сақтауға қиын болса, сөз сайын оның атын атаңыз. Мысалы, «Неге олай дейсіз, Гүлжанар?» «Дұрыс айтасыз, Гүлжанар», «Солай етейік, Гүлжанар».
Құлағымыз бір әуенді естіп алса, аузымыз күні бойы соны қайталап жүреді. Еркімізден тыс жүзеге асатын бұл үдеріс адамның аяқталған нәрсеге қарағанда үзіліп қалған нәрсені тез қабылдайтынына байланысты екен.
Біреумен сөйлесіп тұрғанда оның аяғына қараңыз. Аяғының ұшы сізге қарап тұрса, сізді ықыласпен тыңдап тұр. Ал, керісінше болса, сізді тыңдағысы келмей, кетуге асығып тұр.
Адамдар біреуге өтініш айтар болса, «осыны орындап берсең, мен сенің мына қалауыңды орындаймын» деп жауабын дайындап барады.
Сағыз күйзеліспен күреседі. Адам сағыз шайнаса, миы жұмыс істемейді.
Біреумен кездескенде, оны көргеніңізге қуанған белгі көрсетсеңіз, ол адам да қуанатын болады.
Адаммен сөйлескенде жүзіне тура қарап және күліп сөйлесіңіз, сонда оны бірден баурап аласыз.