- Негізгі бет
- Психология
- Психология пайымдары: Қай...
Психология пайымдары: Қай ми бөлігіңізбен ойлайсыз? (Видео)
Мен сіздерден қолдарыңызды осылай ұстап, бірнеше сәт тұруларыңызды сұраймын. Кейбір мамандар адам миының жұмысын екіге бөліп қарастырады. Сол жақ миымен жұмыс істейтіндерде көбінде логикалық шешім жасау, реттік жүйе бойынша жұмыс істеу және сараптамалық ойлау жүйесі қалыптасқан болса, ал екінші, оң жақ ми бөлігімен жұмыс жасайтын адамдарда интуитивиті, визуалды, шығармашылық ойлау жүйесі қалыптасқан.
Адам баласында екі бірдей ми бөлігі болғандықтан, осы аталған екі ойлау жүйесі де адамға тән. Бірақ ғалымдардың теориясына сенсек, егер сол қолыңыздың бас бармағы айқасқан саусақтарыңыздың үстінде болса, сіз сараптамалық ой жүйесі қалыптасқан адамсыз, ал керісінше, оң қол бас бармағыңыз үстіңгі жақта қалса – онда сіздің шығармашылыққа бейіміңіз бар деген сөз.
Ендеше, адамның қандай екенін білгіңіз келсе, осы теория арқылы танып көріңіз. Ол үшін серігіңізден екі қолын осылай ұстауын сұрасаңыз болғаны...
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: өңделген
А. Құлтай