Жаңа жыл алдында өткен жылды қорытындылау пайдалы дәстүр деп атайды. Бірақ мұнымен барлық психологтар келіспейді. Өйткені, біздің психикамыз жеңістерге қарағанда, сәтсіздіктерге күрт жауап беретіндей реттелген.
Кейбіреулер үшін Жаңа жылды қорытындылау жақсы дәстүрге айналды. Мереке алдында өткен жылы не болғанын, не нәтиже бермегенін еске түсіріп, бәрін талдап, келесі жылға мақсаттар қою керек деп саналады.
Дегенмен, психолог Денис Долговтың айтуынша, шын мәнінде, бұл жаңа жылдық дәстүр денсаулыққа кері әсер етеді.
"Кейбір кезеңдердің қорытындысы бойынша өзімізге есеп беріп, жетістіктерімізді сараптауға міндеттіміз дегенді кім айтты? Жарайды, солай болса, көптеген ұйымдардағы әдет бойынша жылдық, жартыжылдық, тоқсандық, айлық есепті неге жүргізбейміз? Менің ойымша, бухгалтерлік есеп пен қаржыдан хабардар адамдар «жылдық есеп» сөзінен ешқандай пайда көрмейді", - деп жазды Денис Долгов өзінің Telegram-арнасында.
Біз тек бақытты сәттерді еске алуымыз қажет
Клиникалық психологтың айтуынша, Жаңа жыл ең алдымен мереке екенін есте ұстауымыз керек, сондықтан өткен жылғы жеңіліс пен орындалмаған тілектер туралы ойлармен көңіл-күйіңізді бұзбау керек. Керісінше, жақын адамдарының ортасында қуаныш пен жағымды эмоция көрсеткен дұрыс.
"Кейде армандар орындалмай қалып жатады. Психикамыздың эволюциялық шартты механизмдері дәл сол нәрселерді еске түсіреді. Біз жаңа жылды тойлаудың орнына соны ойлап көңіл-күйді түсіреміз", - деп түсіндірді маман.
Мерекені бұзбау үшін психолог жеңістеріңіз бен сәттіліктеріңізді, сондай-ақ бақытты болған сәттерді есте сақтап, қайта сезінуге тырысуға кеңес берді. Оларды өзіңіз есте сақтап қана қоймай, отбасыңызбен және достарыңызбен бөлісіңіз.