- Негізгі бет
- Психология
- Позитивті ойлаудың 12...
Позитивті ойлаудың 12 пайдасы #2
7. Бағалы адам болуға ұмтылыңыз
Эйнштейн бірде «Өмірдегі жетістіктер маңызды емес, адамның өзгелерге не бере алатындығы маңызды. Нағыз құндылық осыда. Сол себепті табысты емес, бағалы адам болуға ұмтылыңыздар» деген екен.
8. Мотивация – бұл бәрі
Мотивация болмаған жерде позитивті ойлаудың да пайдасы болмайды. Сол себепті бір нәрсе үшін өмір сүріп, алдыңызда айқын мақсатыңыз болуы тиіс.
9. Позитивті ойлау жеткіліксіз
Мұнымен қатар «Адамзаттың бәрін бауырым деп сүйіңіз». Әрдайым жүзіңізде шынайы күлкі болсын.
10. Жаман айтпай, жақсы жоқ
Бұл – оптимистердің басты ұраны. Ол қандай жаман жағдайда болса да, оның жақсы тұстарын іздеп тұрады. Қолыңыздан келсін десеңіз, сіз де жаттығып көріңіз. Үйдегі немесе жұмыстағы майда қиындықтардан бастап көріңіз.
11. Жан-жақты болу
Көпшілік оптимистер қолынан келсін-келмесін іске араласып, оны орындайды. Осылайша көп сәтсіздіктерге ұрынады деп ойлайды. Сондықтан сапалы жұмыс істеуге тырысыңыз.
12. Оптимист болу әдеті
Өмірге оптимистік көзқараспен қарауды әдетке айналдырыңыз. Осылайша әдет көп ұзамай өмірміздің бір бөлшегіне айналады.
Ал Сіз өзіңізді оптимистердің қатарына жатқызасыз ба?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: Мөлдір Қажыбекованың жеке парақшасынан
Қ. Бүйенбай