- Негізгі бет
- Психология
- Пейілдің ағы мен...
Пейілдің ағы мен қарасы
Кең пейіл болудың бес түрлі пайдасы:
- Кең пейіл адам басқалардың артықшылықтарын көңіліне сақтап, жүрегіне алғысты сезім ұялата алатындықтан, көптеген адам оған көмектесуге құштар келеді.
- Кең пейіл адам басқалармен бірге қуана алады, басқаға шаттық бағыштайды, қапалы істерді қайырып тастап, жүрегіне көңілді істерді ғана сақтайды. Сондықтан оның шаттығы басқаларға қарағанда көп болады.
- Кең пейіл адам басқалардың артықшылығын байқауға шебер келеді, басқалардың ерекшелігін мойындайды. Сондықтан, оның досы көп болады.
- Кең пейіл адам өзгелердің көңілін түсінуге шебер болады, басқаларды түсінеді, құрметтейді. Сондықтан онымен селбестік жасайтындар көп болады.
- Кең пейіл адам басқалармен артықша есептесіп жатпайтындықтан, қанағат жасауды білетіндіктен, оның байлығы да өзіне кеңінен жетеді.
Кең пейілділіктің жауы – қызғаншақтық.
Қызғаншақ болудың бес түрлі зияны:
- Қызғаншақ адамның көзі жақынды ғана көреді, басқаның артықшылығын көргісі де, басқалардан үйренгісі де келмейді. Сондықтан, олар ақымақ ретінде бағаланады.
- Қызғаншақ адамдар үнемі басқалардың жамандығына қуанып, жақсылығына қайғырады. Сондықтан олар мәңгі азап ішінде жанталасады.
- Қызғаншақ адамдар үнемі басқаларды көре алмай оларды арандатуға жұмыс жасайды. Өсекке құмар болады. Сондықтан олардың досы жоқ.
- Қызғаншақ адам мәңгі тыным алмайды, басқаларға өшесіп өтеді. Орайын тауып өзгенің аяғынан шалуды ойлайды. Сондықтан оның жан-дүниесі қалжыраудан көз ашпайды.
- Қызғаншақ адам үнемі беймаза істерді өзі іздеп табады, өйткені оның жауы – өзі.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: sc.com
M. Auelkhan