- Негізгі бет
- Психология
- Өзіңізге қашан есеп...
Өзіңізге қашан есеп бердіңіз?
Мерекелік көңіл-күйды уақытша ысырып, маңызды нәрсеге уақыт табайық. Жаңа жыл – өмірімізге жан-жақты назар аударып, есеп беретін шақ. Болашаққа жаңа жоспар құрып, маңызды белестерді бағындыруға қадам жасайтын кез. Сондықтан, бір кішкентай параққа мына төмендегі сұрақтарға жауап жазып көріңіз. Өзіңіз үшін...
Өткен жылы:
1.Өзіңіздің балаларыңы бен немерелеріңізге қандай оқиғаны айтып берер едіңіз?
2.Өткен жыл үш сөз арқылы сипаттай аласыз ба?
3.Өзіңіз туралы не білдіңіз?
4.Қай жетістігіңіз арқылы мақтанасыз?
5.Биылғы ең керемет жаңалығыңыз?
6.Қандай ерекше жерлерді көрдіңіз?
7.Бойыңыздағы қай қасиет сізды қиындықтан алып шықты?
8.Айналаңызды қоршаған адамдардың ішінде кімге арқа сүйедіңіз?
9.Қандай жаңа дағды қалыптастырдыңыз?
10.Қай жағдайға немесе кімге алғыс білдіресіз?
11.Егер осы жыл оқиғалары туралы кітап жазсаңыз, қандай жанрда болушы еді?
12.Биылғы жылдан қандай сабақ алдыңыз?
13.Қандай қиындықтырды жеңдіңіз?
14.Бірге уақыт өткізгеннен рахаттанған ең жақын бес адамды атаңыз.
15.Жұмысыңыздағы ең басты жетістік қандай?
16.Отбасылық қарым-қатынаста қандай өзгерістер орын алды?
17.Қандай кітап, қандай фильм сізге әсер етті?
18.Осы жылы сізге айтылған ең керемет қошемет сөз қандай?
19.Күнделікті өмірде қандай кішкентай заттар сіз үшін маңызды болды?
20.Осы жылы қандай батыл қадам жасадыңыз?
21.Осы жылды сипаттайтын психологиялық жағдайыңызды бір сөзбен жеткізіп көріңіз (қуыныш, мұң, сағыныш)?
22.Өміріңізде алғаш істеген зат?
23.Жылдың есте қалатын оқиғасы.
24.2017 алаңдатқан қандай оқиға 2018 жылы сәтті аяқталды?
25.Осы жылы жасаған қай әрекетті қайталар едіңіз?
26.Осы жылы алған ең құнды сыйлық.
27.Қандай үлкен мәселені шештіңіз?
28.Осы жылы орын алған қай оқиға сізді еріксіз бақытқа бөлейді?
29.Жылдың үздік сатылымы.
30.Өзгерткіңіз келетін бір зат және себебі.
31.Өзіңізді не үшін мақтар едіңіз?
Келер жыл:
1.Бұл жылдың басты тақырыбы не болмақ?
2.Қандай тың нәрсені көргіңіз келеді?
3.Келер жылы кіммен ұзақ уақыт өткізуді қалайсыз?
4.Қандай жаңа дағдыны қалыптастырғыңыз келеді?
5.Жеке қасиеттеріңізден қай қасиетті дамыту керек деп ойлайсыз?
6.Күнделікті өміріңізден нені өзгертер едіңіз?
7.Қандай әдеттер қалыптастырып, қай әдеттен құтылғыңыз келеді?
8.Келер жылға қандай мансаптық жоспарыңыз бар?
9.20-30 жылдан соң жылды қалай еске алғыңыз келеді?
10.Жылдың басты мақсаты қандай?