- Негізгі бет
- Психология
- Өзіңізге қаншалықты сенімдісіз?...
Өзіңізге қаншалықты сенімдісіз?
Өз-өзіне сенімді болу – сәттілікке жетудің бірден-бір жолы. Бірақ сіз өзіңізге қаншалықты сенімдісіз? Тексеріп көрелік.
Мына сұрақтарға жауап беру барысында өзіңізді қаншалықты сүйіп, өз күшіңізге сенімділігіңізді бағалай аласыз.
- Сізге айтылған мақтау сөзді қалай қабылдайсыз? Бірден "Мен ондай емеспін", "Қоя бер..." деп қызарасыз ба?
- Сіздің кемшіліктеріңізді бәрі біліп қоятын күннің таңы атарынан қорқасыз ба? Мысалы жұмыста онша жақсы қызметкер емес, не онша ақылды жан емес екеніңізді.
- Ойланбастан өзіңізде ең ұнайды деген 5 қасиетті айта аласыз ба?
- Жаңа тапсырма, жұмыс ұсынғанда, "Қолымнан келмейді-ау..." деп оны қолға алуға батылыңыз бармай, сәтсіздік жайлы ойланасыз ба? Әлде жаңа саланы игеріп, жаңа білім алуға шыдамай тұрасыз ба?
- Маңызды, қиын тапсырмаға кіріскенде не жайлы ойлайсыз? "Алға!" деп өзіңізді қолдайсыз ба, әлде сәтсіздікке ұшырасаңыз "Не істеймін?" деп алдын ала жоспарлайсыз ба?
Осы сұрақтарға шын жауап беріп, өзіңізге деген сенімділігіңіз жоғары не төмен екенін бірден байқай аласыз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: constructorus.ru
С. А