- Негізгі бет
- Психология
- Өзіңізге жіті мән...
Өзіңізге жіті мән беріңіз
Ерлер білуі тиіс дүниелер өте көп. Біз көп жағдайда білгенмен, өмірде қолданбаймыз немесе ұмытып кетеміз. Өзіңізге жіті мән беріңіз. Еркек – беткеұстар тұлға. Қоғамда да, отбасында да өзіңіздің еркек деген статусыңыз барын ұмытпаңыз. Сонымен, мыналарды ескеруге кеңес береміз.
1. Күн сайын жуыну. Күнделікті физикалық жұмыстан кейін ғана емес, күнде жуыну.
2. Шұлықты күніне бір рет ауыстыру. Күн сайын таңертең таза шұлық кию керек.
3. Күнделікті таза жейде немесе майка киіңіз.
4. Қолтықты тазалау үшін антиперспирантты қолданыңыз. Артық сөздің қажеті жоқ.
5. Аяқ киіміңізді жиі тазалаңыз. Әдемі костюм мен кірлеген аяқ киімде ешқандай үйлесім болмайды.
6. Ақ шұлықтар тек кроссовкаларға жарамды. Қара туфлимен емес, қара шалбармен емес.
7. Сандалиді, сүйретпені (шлепка) шұлықсыз кию керек.
8. Егер қарныңыз шығып кетсе, тығыз киімдерді кимеген жөн.
9. Жұмысқа барарда сарымсақ жемеңіз. Ауыздан ешқашан жағымсыз иіс шықпасын.
10. Егер физикалық жағынан әлсіз болсаңыз мұңаюдың қажеті жоқ. Қаласаңыз спортпен шұғылданыңыз, қаламасаңыз ісіңізбен еркек екеніңізді көрсетіңіз.
11. Бос жүруден аулақ болыңыз. Бос жүріс ер адамға тән емес.
12. Ешқашан берілу туралы ойламаңыз. Еркек пессимист болмау керек. Егер қандай да бір ісіңіз бүгін жүрмесе, кейін міндетті түрде жүреді. Еш қам жемеңіз.
13. Басқа ер азаматтарға қызықпаңыз. Сіздің өз жолыңыз бар.
14. Жыламаңыз, ашуланбаңыз және шағым жасамаңыз. Бұл күлкілі көрінеді.
15. Біреуге бірдеңені дәлелдеуге тырыспаңыз. Бұның аса қатты маңызы жоқ. Өз ісіңізді, не істеп жүргеніңізді, сондай-ақ не істей алатыныңызды білсеңіз жеткілікті.
Ж. Жұмағұлов