- Негізгі бет
- Психология
- Өзіңізді қаржыландырыңыз...
Өзіңізді қаржыландырыңыз
Шын мәнінде дүниетанымыңызды кеңейткіңіз келсе, өзіңізді қаржыландыруыңыз қажет. Кезекті материалымызда қаржыны қайда және қалай құю керектігін баяндаймыз.
Кез келген бағытта кемелдене түсуге болады. Ол сіздің мақсатыңызға байланысты. Барлығы үшін маңызды деген 4 бағытты ұсынамыз. Олар:
- физикалық денсаулық;
- психологиялық денсаулық;
- дағды мен икемділік.
1. Денсаулық
Денсаулығымыз нашарлаған кезде кез келген істі жүргізе алмаймыз. Осыған орай, алдын алу мәселесін ешкім ойлана бермейді. Денсаулық дегеніміздің алдын алу шаралар екенін ұмытпайық. Ал, алдын алу шаралары дегеніміз – физикалық белсенділік пен салауатты өмір салты. Сол себепті үздіксіз спортпен айналысып, таңертеңгілік жаттығу жасап, спорт залына барудың маңызы зор. Міндетті түрде қымбат спорт залына бару керек емес. Мұнымен қатар, пайдасынан зияны көп болмас үшін алғашында жаттықтырушы жалдаған жөн.
Спортқа дұрыс тамақтануды да қосу керек. Газдалған сусыннан, шырын мен майлы, ұн қосылған тағамдардан бас тартыңыз.
2. Психологиялық денсаулық
Бұл жерде кез келген қиын ситуацияға бейімделіп, ұтымды шешім табуға көмектесетін бірнеше ережелер бар. Ең алдымен, күйзелістен арылу қажет. Күйзеліс дегеніміз – назарыңызды мақсат пен ойыңызға бұруға, бақытты болуға кедергі жасайтын шу.
Уақыт өте келе өмір сүруге кедергі жасайтын комплекстеріңізден арыласыз. Ол үшін не нәрсенің мазалайтындығын анықтап, оны реттеуге тырысыңыз.
Жақын адамдарыңызды қуантыңыз. Себебі сіздің қандай эмоционалдық атмосферада өмір сүретініңіз тікелей сол адамдарға байланысты. Ал, бойыңызда ашу, көреалмаушылық, мұң секілді жағымсыз сезімдердің бар екенін байқасаңыз, оларды физикалық жаттығулардың арқасында сейілтуге тырысыңыз. Аспаптық әуендерді жиі тыңдаңыз.
3. Сырт келбет
Сіздің сырт келбетіңіз – визиткаңыз. Біздің елімізде бұл ереже 10 есе артық ескеріледі. Себебі, әлі де киімге қарап қарсы алатын әдетіміз бар. Яғни, табысты болуыңыз тікелей киген киіміңізге де байланысты.
Өзіңізге лайық киім таңдау арқылы айналаңыздағыларға бойыңыздағы сенімділікті байқатасыз. Ал бізге керегі – өзгелердің бізге назар аударуы. Мүмкіндікке ие болсаңыз, іске кірісіңіз.
- киімдеріңіздің барлығын шығарып, ескіргенін, өлшемі сай келмейтінін қоқысқа тастаңыз;
- талғамыңыз нашар болса, стилистің немесе сәнқой құрбыңыздың көмегіне жүгініңіз;
- әдемі әрі сапалы киімдер таңдаңыз;
- бір стильде киінуге тырысыңыз. Аптаның қай күні екендігіне қарамастан, әрдайым сұлу болып жүріңіз;
Есіңізде болсын! Өзіңіз атқарып жүрген емес, қалайтын қызметіңізге сай киініңіз. © Дональд Трамп
4. Дағды мен икемділік
Өмірде бір салаға икемделіп қалғаныңыз анық. Енді оларды түгендеңіз:
1. Қолыңызға қағаз-қалам алып, қандай іске икеміңіз бар екенін жазып шығыңыз. Ең майда деген істерді де жазыңыз. Ұялмаңыз. Оны кез келген уақытта тізімнен сызып тастай аласыз. Ол сиыр сауып, кітапты жылдам оқу сынды қасиеттер де болуы мүмкін.
2. Енді тізімге назар аударыңыз. Біріншіден, қолыңыздан көп іс келетініне қуаныңыз. Бұл бойыңыздағы сенімділікті арттыру үшін керек.
3. Артынша мақсатыңызға жету жолында қажет болмайтын дағдыларды сызып тастаңыз. Мысалы, филолог болу үшін күресті меңгерудің еш қажеті болмайды.
4. Қалған пунктілерді қарап, қайсысында мықтырақ екеніңізді анықтаңыз.
Енді өзіңізді қалай және қай бағытта дамытатындығыңызды анықтау қалды. Оны төмендегідей бастауыңызға болады:
- қызықты тақырыптардағы интернет мақалаларын оқу;
- кітап оқу;
- арнайы курстарға қатысу;
- бағыттаушы ұстаз іздеу. Мұндай адам Стив Джобста да болған.
Өзіңізді жақсылап қаржыландырсаңыз, міндетті түрде ақталатынын ұмытпаңыз. Табысты болыңыз, оқырман!
Айтпақшы, қалай ойлайсыз? Әлсіз дағдыларымызды дамытқан дұрыс па, әлде оларды сол күйінде қалдырған жөн бе?
Сурет: rudaki.ru
Қ. Бүйенбай