Өзіңіз туралы білгіңіз келе ме? #3

Өзіңіз туралы білгіңіз келе ме? #3

Адам баласы ешуақытта мінсіз болған емес. Әрдайым жақсы, жаман қасиеттері өзара алмасып көрініс тауып отырады. Бір адам жібектей нәзік мінезін бағаласа, екіншісі керісінше дәл осы адамды қатыгез жан деп біледі. Есесіне жақсы, жаман қасиеттерімізді білу арқылы бір-бірімізге түсіністікпен қарай аламыз.  

Мерген

Жақсы қасиеттеріңіз:

- көңілдісіз;
- сүйкімдісіз;
- батылсыз;
- қолыңыздан келмейтін іс жоқ;
- атақты адамдардың әрбір бесіншісі мерген;
- сізді барлығы жақсы көреді;
- мерген жігіттердің бойы ұзын болады;
- мерген қыздардың мүсіні мінсіз келеді;
- мейірімдісіз;
- адамдарға көмектесуді ұнатасыз;
- есте сақтау қабілетіңіз өте жақсы;
- сізді алдау мүмкін емес;
- үнемі жолыңыз болып жүреді.

Кемшіліктеріңіз:

- сізді айналаңыздағылар ақымақ деп ойлайды;
- немен айналысатыныңызды білмегеніңізде, ашуланшақ болып кетесіз;
- отбасын құруға асықпайсыз;
- тамақты көп ішесіз;
- мінезіңіз тік;
- еркін жүруді ұнатасыз;
- тұрақсызсыз;
- әдепсізсіз;
- өзімшілсіз.

Тауешкі

Жақсы қасиеттеріңіз:

- мақсатыңызға жетпей тынбайсыз;
- қиын-қыстау кезеңде табандылық таныта білесіз;
- сүттен ақ, судан таза болып шығасыз;
- адалсыз;
- айналаңыздағыларды тұйық мінезіңізбен жалықтырып жіберуіңіз мүмкін;
- шыдамдысыз;
- көшбасшысыз;

Кемшіліктеріңіз:

- сізді көбісі қатыгез деп ойлайды;
- өзгелер сізді түсіне бермейді;
- күйзеліске бой ұсынасыз;
- өзгелерді де, өзіңізді де мазақтауды ұнатасыз;
- кекшілсіз;
- өзімшілсіз;
- атаққұмарсыз.

Суқұйғыш

Жақсы қасиеттеріңіз:

- ақылдысыз;
- адамдардың болмысын жақсы танисыз;
- өте мейірімдісіз;
- достарыңыз көп;
- сізді барлығы жақсы көреді;
- қалжыңдай білесіз;
- сұлусыз;
- ойыңызға келгенді жасайсыз.

Кемшіліктеріңіз:

- сізді ешкім түсінбейді;
- ақылды болғандықтан, сізден достарыңыз үнемі көмек сұрайды;
- «жоқ» деп айтуды білмейсіз;
- барлығын жүрегіңізге жақын қабылдайсыз;
- барлығын жақсы оймен ғана жасаймен деп ойлап, өзгелердің өзіңізге не үшін ренжитінін түсінбейсіз;
- еркіндікті қатты сүйесіз;
- адамның барлығы бірдей жақсы деп ойлайсыз.

Балықтар

Жақсы қасиеттеріңіз:

- табиғатыңыздан ерекше жаратылғансыз;
- өте мейірімдісіз;
- өзгелер үшін өзіңізді құрбан етуге дайынсыз.

Кемшіліктеріңіз:

- алаңғасарсыз;
- сізді айналаңыздағылар түсіне бермейді;
- тұрақсызсыз;
- өсек сөзге құмарсыз;
- сенгішсіз.

Жалғасы бар...

Сурет: ©Фархат Токтаров 

Қ. Бүйенбай