Өзіңіз туралы білгіңіз келе ме?

Өзіңіз туралы білгіңіз келе ме?

Адам баласы ешуақытта мінсіз болған емес. Әрдайым жақсы, жаман қасиеттері өзара алмасып көрініс тауып отырады. Бір адам жібектей нәзік мінезін бағаласа, екіншісі керісінше дәл осы адамды қатыгез жан деп біледі. Есесіне жақсы, жаман қасиеттерімізді білу арқылы бір-бірімізге түсіністікпен қарай аламыз.

Тоқты

Жақсы қасиеттеріңіз:

- туған күніңізді көктемде атап өтесіз;
- албыртсыз;
- сезімталсыз.

Кемшіліктеріңіз:

- ашуланшақсыз;
- қызғаншақсыз;
- айналаңыздағыларға қол көтеруіңіз мүмкін.

Торпақ

Жақсы қасиеттеріңіз:

- мақсатыңызға жетпей тынбайсыз;
- қалауларыңыздың барлығын орындайсыз.

Кемшіліктеріңіз:

- қырсықсыз;
- қызғаншақсыз;
- кейде жауыз патшаның кейпіне енуіңіз мүмкін.

Егіздер

Жақсы қасиеттеріңіз:

- орнымен сөйлейсіз;
- көңілді бола білесіз;
- түрлі сезімнің құшағында жүресіз;
- өмірді сүйесіз;
- өзге адамдарды ақкөңілділігіңізбен баурай аласыз;
- энергияңыз тасып тұрады;
- үнемі жаңа идеялар ойлап тауып жүресіз.

Кемшіліктеріңіз:

- көңіл күйіңіз жылдам өзгереді;
- үнемі ерекше эмоцияларды сезінуге құмарсыз;
- өзгелердің пікіріне қатты тәуелдісіз;
- әрдайым ізденіс үстінде жүресіз.

Шаян

Жақсы қасиеттеріңіз:

- сезімталсыз;
- туған күніңізді жаз мезгілінің ортасында атап өтесіз;
- адамдармен қарым-қатынасқа жылдам түсесіз;
- махаббат пен достық мәселесінде адалсыз.

Кемшіліктеріңіз:

- шектен тыс сезімталсыз;
- көңіл күйіңіз ауа райы секілді құбылып тұрады;
- ішімдікке құмарсыз;
- сынды қабылдай алмайсыз.

Жалғасы бар...

Сурет: ©Ерлан Садвакасов 

Қ. Бүйенбай