Өзіне сенімді бойжеткен мен «сұр тышқан» қыздардың айырмашылығы бар ма? Әрине, бар! Оның жүру мәнері, сөйлеген сөзі, өзгелермен тіл табыса білуі өзіне сенімсіз қыздардан әлдеқайда басқа. Олар өмірде ненің керек, керек еместігін жақсы біледі. Төменде өзіне сенімді бойжеткендерге тән 10 қасиет туралы айтылған. Оларды бірге талқылайық.
1. Өзін ешуақытта өзгелермен салыстырмайды. Сұлу қызды көрсе, оған еліктеуге немесе одан да сұлу болуға тырыспайды. Өйткені ол мұның пайдасыз іс екенін жақсы біледі. Өзін әрдайым жоғары бағалайды.
2. Бақыттың тек өз қолында екенін түсінеді. Ол ешкімге тәуелді емес. Өз бақыты үшін күресуі керек екенін жақсы түсінеді. Алдынан қандай кедергілер шықса да, оларды өз күшімен жеңеді. Оның ойынша, бақыт адамның жан дүниесінде.
3. Орнымен сөйлейді. Өзіне сенімсіз қыз үнемі сөйлеп, өзгелердің назарын өзіне аударып отырады. Ал өзіне сенімді бойжеткен оларға еліктемей, сөйлеп қалуларына мүмкіндік береді.
4. Сәнге еліктемейді. Өзіне сенімді бойжеткен сәндегі киімдерді емес, өзіне жарасатын, дене бітіміне сай киімдерді таңдайды. Бірнеше жыл бұрын сатып алған киімін қайта киюі мүмкін.
5. Өзгелерді айыптамайды. Жауапкершілікті мойнына алып, ағаттық жіберсе, мойындайды. Бірінші кезекте, тек өзін айыптайды. Себебі барлығы өзінің ғана қолында екенін жақсы түсінеді.
6. Табиғатымнан ұсқынсызбын деп уайымдамайды. Өзіне сенімді бойжеткен айнаға бойындағы түрлі кемшілікті табу үшін қарамайды. Терісінің қартайып, көп ұзамай әжім басатынын да мойындайды. Сол себепті өзіне сенімді бойжеткен көп уақытын ішкі жан дүниесін байытуға арнайды.
7. Қызғанбайды. Өзгелер табысқа жетсе, шын жүректен қуанады.
8. Жүрегіне жақын қабылдамайды. Оны ренжіту өте қиын. Өзіне айтылған ауыр сөздерді тез ұмытады. Кешірімді келеді.
9. Өсек айтпайды. Өзіне сенімді бойжеткен өзгелердің өміріне араласпайды. Өсек сөз таратпайды. Мәдениет пен өнерге қатысты тақырыптарда әңгімелеседі. Өзгелер туралы жаман сөздер айтпайды.
10. Жағымпазданбайды. Біреудің алдында көлгірсу – оған тән емес. Тек өзі дұрыс деп тапқан нәрсені жасайды.
Өзіңізге сенімді екеніңізді көрсету қиын емес. Ең бастысы, мұны іштей мойындаңыз.
Ал сіз өзіңізге қаншалықты сенімдісіз? Жоғарыдағы қасиеттер сіздің бойыңызда бар ма?