Өзіңді түсінуге арналған афоризмдер

Карл Густав Юнгті позитивті психолог әрі философ деуге болады. Ол кез келген күйзелістік жағдайдан оңай шығу жолын айта алады. Астармен айтылған сөздеріне көз жүгіртіңіз.

Өзгелердің жүйкесін жұқарту әрекеті өзін өзі түсіну жолына жетелеуі мүмкін.

Сенің әлеміңнен кеткісі келген жанның жолын бөгеме. Әйтпесе саған келе жатқан адам бағытын өзгертеді.

Біз өз іс әрекетімізге толықтай жауап бере аламыз деп ойлауымыз мүмкін. Бірақ кейде досымыз ешқашан ойымызға келмеген өзіміз туралы шындықты айтуы мүмкін.

Маған психикалық ауытқушылығы жоқ адамды көрсетіңізші, мен оны сізге емдеп берейін.

«Магиялық» деген — психикалық деген сөзді түсіндіруге арналған сөз.

Өзіңіздің жан дүниеңізге үңіле алған кезде ғана көзқарасыңыз түсінікті болады.

Дарынды адам болсаңыз, бір нәрсе алдыңыз деген сөз емес, біреуге береріңіз бар деген сөз.

Басқаларға көңіліміз толмаған кезде өзімізді көбірек түсінуіміз мүмкін.

Өз жүрегіңізге көз салған кезде ғана бұлыңғыр елес анық көрінеді. Ал сырттай қарағандар тек түс көреді, өзіне қарағандар оянады.

Жалғыздық сөзі айналамызда өзімізден өзге жан болмауымен түсіндіріледі. Бар адамдармен айтар әңгімең болмауы да жалғыздыққа жатады.

Күйзеліс картадағы дама қарға тәрізді. Ол келді ме, тұра қума, қонақ үстеліне шақырып, не айтқысы келетінін тыңда.

Түс көру – жақсы жасырылған кішкене ғана есік. Ол сана пайда болғанға дейінгі жан сақталған ғарыштық түнге алып барады.

Біздің жеке басымыз қоршаған ортаның бір бөлігі ғана, ол шексіз құпияға толы.

Екі тұлғаның кездесуі екі химиялық заттың әрекеттесуімен пара пар. Сәл де болса реакция туса, екі элемент те өзгереді.