- Негізгі бет
- Психология
- Өзіңді таны: жауабы...
Өзіңді таны: жауабы беймәлім 33 сұрақ
Әрбір адам өзінен сұрауы тиіс 33 сұрақтың тізімін ұсынамыз. Бұл сұрақтардың дұрыс не бұрыс жауабы жоқ. Әркім өзінше жауап береді.
1. Егер өзіңіздің нақты жасыңызды білмесеңіз, қанша жас деп бағалар едіңіз?
2. Сәтсіздікке ұшырау немесе істі бастамау: қай жолды таңдайсыз?
3. Өмірдің қысқа екенін біле тұра өзіміздің жанымыз қаламайтын істерге неге уақытымыздың көп бөлігін арнаймыз?
4. Өмірде бір ғана нәрсені өзгерту мүмкіндігі туса, нені өзгертер едіңіз?
5. Егер бақыт ұлттық валюта болса, қай жұмыс сізді бай етеді?
6. Егер адамның орта жасы 40 болса, қызықты өмір сүру үшін не өзгертер едің?
7. Өміріңізде болып жатқан оқиғаларды қаншалықты бақылауыңызда ұстайсыз?
8. Бағалйтын әрі сыйлайтын үш адаммен түскі ас ішіп отырсыз. Олар әңгіме барысында сіздің досыңызды сынай бастайды. Бұл сын – өте орынсыз әрі әділетсіз. Сіз не істейсіз?
9. Егер кішкентай балаға бір ғана кеңес ұсынатын болсаңыз, не айтар едіңіз?
10. Сүйіктіңізді құтқару үшін заңды бұзар ма едіңіз?
11. Ең алдымен ессіздікті көріп, кейін кемеңгерлікті байқаған сәтіңіз болды ма?
12. Өзге адамдардан ерекшелену үшін өмірде не істейтін едіңіз?
13. Бір істі қолға алғаныңызбен аяқтай алмадыңыз. Сізге не кедергі?
14. Егер сізге өзге мемлекетке көшуді ұсынса, қай мемлекетті таңдар едіңіз? Неге?
15. Лифттің шықыру батырмасын бірнеше рет басасыз ба? Бұл шынымен лифттің келуін жылдамдығын арттырады деп ойлайсыз ба?
16. Кім болуды қалайсыз: жүйкесі жұқарған ақылды адам әлде бақытты ақымақ адам болу?
17. Неге сіз – бұл сіз?
18. Егер дос өзіңізге дос болғыңыз келсе, қандай адам болуды қалар едіңі?
19. Досыңыздың басқа елге көшуі әлде бірге тұрып, араласуды доғару таңдауы туса қайсын таңдар едіңіз?
20. Күрессіз шындыққа көз жеткізуге бола ма?
21. Сіздің басты қорқынышыңыз шындыққа айналса...
22. 5 жыл бұрын сіздің әбден көңіліңізді қалдырған нәрсе есіңізде ме? Ал, қазір мұның мәні бар ма?
23. Балалық шағыңыздың басты естелігі қандай?
24. Қазір болмаса, қашан?
25. Егер сіздің қолыңызға екі миллион ұстатса, сіз жұмысыңызды тастап кетер ме едіңіз?
26. Не қалайсыз: істелуі керек көп жұмыс па әлде сізге ұнайтын аз жұмыс па?
27. Бүгінгі күн осыған дейін қайталанғандай сезім бола ма?
28. Сіз танитын адамдардың барлығы ертең өмірде болмайтынын білсеңіз, бүгін кімге барар едіңіз?
29. Өзіңіздің 10жыл ғұмырыңызды әлемдік атақ-даңққа алмастырар ма едіңіз?
30. Егер қателік – сабақ болса, неге біз қателіктен қорқамыз?
31. Өзіңіздің тынысыңыздың дыбысын соңғы рет қашан естідіңіз?Жүрек соғысын ше?
32. Нені жақсы көресіз? Оны адамдарға дәлелдеу үшін жасаған соңғы іс-әрекетіңіз?
33. Шешімдер дәл қазір және осы жерде қабылдау керек? Оны кім қабылдады: сіз әлде өзге біреу?