Уақыт тапшы қазіргі заманда, өзіңізге көңіл бөлесіз бе? Өзіңізді жетілдіру мақсатында не істейсіз? Жарысқа ұқсаған мына өмірде өзіне уақыт бөліп, өзімен тілдесе алмайтын жандар көп-ақ. Ақырында, өзін түсіне алмағандар депрессияға ұшырап жатады. Өмірге риза боламын десеңіз, мына өзін-өзі жетілдіру кеңестерін оқи отырыңыздар.
Көп ұйықтағанды доғарыңыз. Бұл - өміріңіздің нәтижелі және жүйелі болуының бірден-бір амалы. Адамның тынығып демалуына 6 сағат ұйқы жеткілікті. Сондай-ақ, ұйқының ұзақтығы емес, сапасы маңызды. 3 апта бойы бір сағатқа ертерек оянып үйренсеңіз, бұл күнделікті әдетке оңайлықпен айналады. Айына 30 сағат артық уақытыңыз пайда болғанда, оны ұйқыдан пайдалырақ істерге неге құртпасқа? Әр атқан таңыңыз өзіңізге бөлген уақытпен басталсын. Күннің өзекті істері жайлы ойланып, алдын ала жоспар құрып қойыңыз. Ұнайтын, сізді мотивациялайтын өлеңдерді тыңдаңыз немесе сүйікті кітабыңызға көз жүгіртіп өтіңіз. Келе жатқан күнді жемісті өткіземін деп өзіңізді рухтандырыңыз. Аптасына бір рет болса да, күннің атуын тамашалап, табиғатта таза ауамен тынығып қайтыңыз. Күннің дұрыс басталғаны – оның сәтті өтуінің кепілі. Өзіңізге маңызды істердің күнделікті істердің көлеңкесінде қалып қоюына жол бермеңіз. «Бұл іс уақыт пен күшімді құртуға жеткілікті себеп болды ма?» деп өзіңізден сұрап отырыңыз. Уақытты билеу өмірді билеумен бірдей. Өз ой-өрісіңізді жаттықтырып алу үшін қолыңызға резинка (ақша орайтын немемесе шашбау) тағып алып, ойыңызға теріс не жаман ойлар келгенде білегіңізден шертіп жіберіңіз. Миыңыз жаман ойларды ағзаға тиетін зақыммен байланыстырып, келесіде жаман нәрсе ойламауға тырысасыз. Телефонға жауап бергенде, ізетпен, құрметпен сөйлеңіз. Дұрыс амандасып, байыпты сөйлесеңіз, әңгімеңіз жарасып, бір іс те шешіліп қалар. Егер маңызды бір адам телефон соқса, орныңыздан тұрыңыз, осылайша, дауысыңызда сол кісіге деген құрметіңіз байқалатын болады. Күн барысында кейде шабыттанып, басыңызға жаңа ойлар келуі мүмкін. Кішкентай қағаз бен қалам ұстап жүргеніңіз абзал. Ойыңызды жазып алып, кешке үйде оларды қарап, керектілерін жүзеге асырып, өзіңізді осылайша тануға болады. Жаңа оймен кеңелген ми өзінің бұрынғы қалпына оралмайды. Әр жексенбілік кешті өзіңізге арнаңыз, бұны әдетке айналдырыңыз. Осы уақытты келесі аптаны жоспарлап, болашақ кездесулерді елестетіп, олардан не күтетіңізді ойлануға құртыңыз. Ойландыратын кітаптар оқып, жақсы кино қарап, тынықтандыратын әуен тыңдаңыз, демалыңыз. Бұл демалыс апта бойы сізді жақсы көңіл-күйде ұстап тұрады. Мына ережені есіңізде ұстаңыз. Өміріңіз тікелей қарым-қатынас жасай алуыңызға байланысты. Басқалармен қарым-қатынас қана емес, бұл жерде ең маңыздысы өзіңізбен тілдесе алуыңыз. Өзіңізді жақсы нәтижеге бағыттасаңыз, соған қол жетеріңіз анық. Бұл – табиғат заңы. Нәтижеге емес, мақсатқа мән беріңіз. Қолға алған істі рақаттанып істеңіз, содан ләззат алыңыз. Жұмысыңыз біреуге пайдалы болатындығына сеніп істеңіз. Ақша не атақты мақсат қылмаңыз, олар өзі де сізге келеді. Өмірдің заңдылығы сондай. Күніңіз айнаның алдында күліп өткен 5 минутпен басталсын. Күлкі ағзамызда көптеген химиялық реакциялардың басы болады, олар бізге күш- қуат беріп, көңілімізді керек деңгейде күні бойы ұстап тұрады.
Ең бастысы - өзіңізді сүйе біліңіз, өзіңізбен тілдесе біліңіз. Сіз – бұл өмірдегі ең керемет жаратылыссыз. Және айналадағы әр адамға да солай қарасаңыз, ішкі жан-дүние тыныштығына жете аласыз.
Форумда талқылау
Сурет vk.com сайтынан алынды.