- Негізгі бет
- Психология
- Өзіңді күйзелістен қорғаудың...
Өзіңді күйзелістен қорғаудың 10 жолы
Эмоционалды денсаулықты сақтау үшін күйзелістің алдын алу маңызды. Ол үшін күйзеліске қарсы тұруға көмсектесетін жалпы принциптерді сақтаған жөн. Бұл өмір сапасын көтеруге ықпал етеді.
1. Барлық нәрсеге қарапайым қараңыз
Барлық нәрсені жүрегіңізге жақын қабылдамаңыз және әр ұсақ-түйекті уайымдамаңыз. Өміріңіздегі кез келген жағдайды жай қабылдап үйреніңіз.
2. Позитивті ойлап үйреніңіз
Жағымды ойлар мен естеліктерге зейін қойып үйреніңіз. Позитивті ойлау күйзелістің алдын алуға көмектеседі.
3. Жағымсыз эмоцияларды сыртқа шығарыңыз
Эмоцияларды басу күйзелісті арттырып, депрессияға айналуына ықпал етуі мүмкін. Сондықтан оларды сыртқа шығарыңыз. Бірақ айналаңыздағыларға зиян келтірмеңіз.
4. Көбірек күліңіз
Комедия қараңыз, айналаңыздағы адамдарға күлімдеп қараңыз және оларға қошемет сөздер айтыңыз.
5. Физикалық жаттығулар жасаңыз
Спорт күйзеліспен күресуге көмектеседі. Сондықтан егер эмоционалды денсаулықты сақтағыңыз келсе, сүйікті спорттық секцияға жазылыңыз және жүйелі жаттығулардан ләззат алыңыз.
6. Барыңызға шүкіршілік етіңіз
Үнемі әр нәрсеге көңіліңіз толмай жүрсе, күйзеліске шалдығу қаупі артады. Оның орнына барыңызға шүкіршілік етіңіз және бар нәрседен қуаныш ала біліңіз.
7. Босаңсыңыз
Дәрігерлер мен психологтар медитацияның, тыныс алу техникаларының пайдасы жайлы жиі айтады. Оған күніне 10-30 минут арнау жеткілікті.
8. Таза ауада жиі серуендеңіз
Таза ауада серуендеу барлық адамға пайдалы. Сондықтан күніне 1 сағат далада жүруді әдетке айналдырыңыз.
9. Өзіңізге хобби табыңыз
Сүйікті хобби - күйзелістің алдын алатын керемет нәрсе. Сондықтан өзіңізден "Маған не ұнайды" деп сұраңыз. Сізге әңгіме жазу, тамақ пісіру немесе психологияны меңгеру ұнайтын шығар.
10. Күнделік жазыңыз
Күнделік жазу өз-өзіңізді тануға, өміріңізге анализ жасауға және қиын жағдайдан шығуға көмектеседі. Сондай-ақ ол психотерапия қызметін атқарады: сіз өзіңізді мазалайтын нәрсені жазып, жеңілдеп қаласыз.
Өз-өзіңізге абьюзер екеніңізді көрсететін 7 белгі
А. Жапатова