Ештеңе істегіңіз келмейтін кездері өзіңізді қалай ынталандыру керек? Бұл сұрақты өзіне қоятын адамдар саны артып келеді, себебі көпшілік өзіне шынымен ұнайтын іспен айналыспайды. Сондықтан, қойылған мақсаттарға жету үшін өзіңізге ынта беретін жолдарды іздеу керек. Ынталандыру түрлі болуы мүмкін. Қандай да бір әрекетке өзіңізді ояту іштен, бейсанадан болуы тиіс. Жұмыс алдында позитивті ойлауды орнатыңыз! Позитивті эмоциялар энергия зарядын береді, сол үшін кез келген әрекет жеңіл, жылдам және мәжбүрлеусіз өтеді. Жақсы көңіл күй әрқашан өмірдегі қиын жағдайларды өткеруде көмектеседі. Күнделікті жұмыстарды жаман көңіл күймен орындағаннан оны позитивті ойлауды сақтай отыра жасаған жеңілірек болады. Барлық ойларыңызды жарқын болашаққа тартуына бағыттаңыз. Себебі тапсырманы бүгін орындап қана, нәтижесінде оның орнына жақсы бірдеңе ала аласыз. Сөйтіп, позитивті көңіл күй жұмыста берілген тапсырмаларды жылдам орындауға әкеліп, көп ұзамай жұмысыңызда көтерілу болуы мүмкін. Өзіңізді қызықты дүниемен алаңдатыңыз! Жан дүниеңізді қуантатын іспен айналысу арқылы өзіңізді ынталандыруға болады. Жалықтырғыш, бірсарынды міндеттерді жасау кезінде, одан кейін өзіңіздің сүйікті ісіңізбен айналысатындығыңызды ойлап ынталаныңыз. Көп жағдайларда адам өзіне қызық затқа асыға отырып, ұнамайтын істерді жылдам жасайды екен. Өзіңізге қызықты іспен айналысу арқылы ішкі әлеміңізді байытасыз, соның себебінен қоршаған ортаны қабылдауыңыз да өзгереді. Өзіңізді демалыспен ынталандырыңыз! Демалыс жұмыстан кейін сізді күтіп тұрған ең жақсы сыйдың бірі. Алдыңызға мақсат қойып, оған жеткен кездегі демалысыңызды елестетіңіз. Бұл әдіс адамның өздігінен ұйымдасудың жоғары деңгейіне негізделген. Мұндай деңгейге тек ерік күші мен өзіндік бақылауы бар адам ғана жете алады. Бұл әдіс бойынша, сіз қажет әрекеттердің орындалуына өзіңізді бақылайсыз. Нәтижесінде, толыққанды демалыспен марапатталасыз. Кітап бағытталған нәтижеге жетудегі ең жақсы әдіс! Кітаптар жаңа және бастысы, қажеттіні жиып алатын бағалы білім тасушы. Адамның мотивациясын ашатын көптеген кітаптар бар. Мұндай кітаптар адам психологиясына негізделген. Мұндай кітаптардың көпшілігі нақты нәтижеге жету үшін қиындықтардан өткен атақты адамдардың өміріне негізделе жазылады. Егер сіз кітап оқуға қызықпасаңыз, мотивация беретін фильмдер көріңіз. Қазір ондай фильмдер де көп. Әрине, мүмкіндік болса, сүйікті ісіңізді табыс әкелетін жұмысыңызға айналдырған жөн. Қазіргі кезде спортқа жақын адам фитнес клубтарда жаттықтырушы болса, біреуді сәндегенді жақсы көретін бойжеткендер әрлеуші курстарын оқып алып, өздерінің сүйікті ісімен айналысып жатқандар да аз емес. Бірақ, кез келген адамның өмірінде күнделікті әрекетінен жалығып, басқа іспен айналысып көргісі келетін кезең келуі мүмкін. Сол үшін қазірден бастап, өзіңізге жаңа нәрсе ашуға қорықпаңыз, уақыт бөліп, түрлі курстар оқыңыз, тренингтерге барыңыз, біліміңізді кеңейтіңіз. Санаңыз бен жаныңызды дамыта отырып, әр істелінген әрекеттен рақат алып, автоматты түрде мотивация аласыз. Әрдайым ізденісте жүрген адам күнделікті қарбалыстан шаршамайды. Өзіңізді дамытыңыз!