Өзіңді жақсы көрмеудің амалдары #2

Біздің қоғамда өзін жақсы көрмейтін, бағаламайтын нәзік жандылар баршылық. Неліктен? Бұл сұрақтың жауабын табу үшін біз 10 себепті қарастырған едік. 

Басы

6. Айыптау, салыстыру

Өзіңді кінәласаң да, өзгені кінәласаң да, күш-қуаттан айырыласыз. Себебі өзгені айыптау өзіңізге деген сенімсіздік пен қатал көзқарастың нәтижесі. Сіз белгілі бір «планканы» қойып, өзгелерді де сол арқылы бағалайсыз. Бұл - өмірден рақат алуға бөгет болатын үлкен мәселелердің бірі.

7. Істі соңына дейін жеткізу

Соңына дейін жетпеген істер өзіңе деген сенім мен күш-қуаттан айырады. Күн соңында барлық жоспарлаған міндетті атқарғанымызды сезіну өзімізге деген құрмет пен сенім үшін жақсы әсер етеді.

8. Сынның ортасына түсу

Біздің ортамызда қандай адамдар жүргені маңызды: сыншылар ма, бізге қолдау көрсететін адамдар ма? Ауыр жағдайға тап болғанда кімге барасыз? Сын айтып, кінә тағатын адамға ма, сөз тауып, қолдайтын адамға ма? Сырыңызды кімге айтасыз? Шындықты бүркелемей айтатынға ма, сізді тыңдап, түсіне алатын адамға ма?

Ортаңызға қандай адамдарды кіргізетініңіз өзіңізге деген құрмет пен сүйіспеншіліктің айнасы.

9. Тыйым салу

Жанға ләззат сыйлайтын іспен айналысуға өз-өзіңе мұрша бермеу – өзіңе деген сенімсіздікті дамыта түсетін әдістің бірі. Көптеген «қажетті» әрекетке тыйым салу көбімізге тән қасиет. Біреудің қамын ойлаймын деп, өзіміздің қалауымыздан бас тартып жатамыз. Нәтижесінде опық жейтін - өзіміз. Бұл бағытпен жүрудің кімге пайдасы бар?

10. Белсенділікті шектеу

Біреуге мейірімді болу, көмек беру – өзіңе деген құрметті еселей түсетіні сөзсіз. Алайда, бұл міндетті көп адам бейнет көріп, кішігірім көмек көрсетуге де бармай жатады. Біреуге көмектесу арқылы, біреудің ризашылығын сезіну арқылы өзіңізге деген сүйіспеншілік арта түседі. Мейірімді болыңыз.

Сурет: ©Инна Иноземцева