Өзіңді жақсы көрмеудің амалдары

Біздің қоғамда өзін жақсы көрмейтін, өзін бағаламайтын нәзік жандылар баршылық. Неліктен? Бұл сұрақтың жауабын табу үшін біз 10 басты себепті қарастырамыз.

Бұны өзіміздің қалауымыздан гөрі жылдар, ғасырлар тәрбиесі деуге болады.

1. Өзіңе қойған жоғары талап

Өзіңе деген сенімсіздіктің негізінде менмендік пен барлық істе бірінші болуым керек деген сенім жатыр. Ал егер қателік жіберетін болсаңыз, оны мүмкін емес не болмауы керек нәрсе деп қабылдайсыз.

Алайда, негізінде, қателік – кез келген бастамада болуы тиіс құбылыс. Ода тұрған ештеңе жоқ.

Өзіңе деген сенімсіздік кез келген тірі жанға тән сезім. Оны қабылдай білуіміз керек. Өзіңізге жоғары талап қою қате деп айтудың өзі қате. Негізінде, сол талапты орындай алмай, өзіңді жеу – нағыз қателік саналады.

2. Тыйым салу

Бұл алғашқы бөлімге тікелей байланысты мәселе. Яғни өзімізге жоғары талап қоюмен қатар, қате жіберуге тыйым саламыз.

3. Өзін қорқыту

Кері нәтижені болжап, қиындық пен сәтсіздіктен еш себепсіз қорқу. Кішкентай бала төсегінің астында құбыжық жатқанын елестетіп, өздігінен қорқып, мазаланады. Сол секілді ересек адамдар да еш себепсіз уайымдап, жүрексініп, артқа шегінеді.

4. Кінәлі сезіну

Біреу бізге хабарласпай, аса көп сөйлемей немесе жабырқаңқы көңіл-күйде жүрсе, себебін, кінәні өзімізден іздейтін әдетіміз бар. Барлық жағдайды, мәселені тікелей өзіңізге қабылдауды тоқтатыңыз. Иә, мүмкін, сіз сүйіктіңіздің ұйытқысысыз, отанасысыз не үйдің үлкенісіз. Алайда біреудің ренішін, қайғы-мұңын өз жауапкершілігіңізге алып, мәселені шешу дұрыс емес.

5. Шыдамсыздық

Өзін қорлаудың бір тәсілі – сабырсыздық. Бәрін бір мезетте иеленуге құштарлық. Күте білмеу әдеті бала кезімізден қалыптасып қалған. Яғни біреуге сеніп, өзіңді-өзің алып-жүре алмау. Ал терең деңгейдегі шыдамсыздық – белгілі бір білімді меңгеруге уақыт кетірмей, нәтижеге бірден жету арқылы жаңа біліммен сусындауға қарсы шығу.

Жалғасы

Сурет: ©Иван Попов

Оқи отырыңыз:

Бойжеткендер жіберетін қателіктер

Мына нәрселерден бас тартуыңызға тура келеді... #2

Бақ шаба ма, бап шаба ма? #2

Неліктен біз виртуалды қарым-қатынасты таңдаймыз?