- Негізгі бет
- Психология
- Өзімізді өзімізден артық...
Өзімізді өзімізден артық кім түсінбек?
Өмір бойы сізді қалай барсыз – сол күйіңізде қуана қабылдайтын адамды күтесіз. Кейбіреулер сол күткен адамының үнемі қасында болғанын кеш түсінеді. Түсінбей кететіндер де бар. Ол адам – өзің...
Өзімізді-өзіміз бар күйімізде қабылдап, өз-өзімізді кешіріп, өзімізге-өзіміз қуанып, әрі армандауды үйренуіміз керек. Бақытты болуға тырыспаңыз, бақытты болуға шешім қабылдаңыз: кітап оқыңыз, музыка тыңдаңыз, таңның атып, кешті батқан сәтін тамашалаңыз, гүл отырғызып, ағаш егіңіз... Сіздің бақытыңыз үшін сіздің шешіміңіз өте маңызды. Өзіңізді-өзіңізден артық ешкім бақытты ете алмайды.
80/20 қағидасы. Сіздің 80% кірісіңіз мен табысыңызға тек 20% ғана еңбегіңіз кетеді. Өз уақытыңызды бұлай жұмсамаңыз. Сүйікті ісіңізбен шұғылданып, содан ләззат алыңыз. Ләззат ғана емес, жақсы жалақы да...
Паркинсон заңы. Сіз өзіңізге керекті тез арада жасауға қабілетіңіз бар. Тапсырмаға қанша уақыт бөлсеңіз, сонша уақыт жұмсайсыз. Егер сіз мұндай тапсырмаларды соңғы минуттардың еншісіне қалдырып қоя берсеңіз, бұл өзіңізге қалған бір ай не бір апта бойы қарағаныңызды білдірмейді.
Алдымен салыңыз, содан соң аласыз. Дәл осы тәртіпті ұстануға дағдылану керек. Уақыт өте сіз өз еңбегіңіздің жемісін екі еселеп аласыз. Әлем үшін, өзіңіз үшін үнемі жақсы пікірде жүріңіз. Жер бетіндегі әр секундта армандар орындала беруін жалғастыра береді. Ертең сізді бүгіннен де толассыз бақыт күтіп тұруы әбден мүмкін. Кез келген дұрыс бағытқа күшін салған адам, ескерусіз және елеусіз қалмайды.
Қателіктер мен істің алға баспай қалуы – жамандықтың белгісі емес. Табыс тек ерінбейтіндер мен қателіктерден сескенбей тірлік қылатындардың қолына келеді. Ағат басып, жаңылысып қалғанның түк әбестігі жоқ, егер сол қатені түзеуге тырыссаңыз және содан сабақ алсаңыз.
Адамдармен танысу және қарым-қатынас орнатуда еркін болу. Кіммен кездессеңіз де, досыңызды көргендей сәлем беріп, амандық сұраңыз. Осыған әдеттенсеңіз өзіңізге де, өзгеге де жақсы. Сонда кез келген адаммен жылы қарым-қатынас орнату сіз үшін қиынға соқпайтын болады.
Сізді қатынасыңыз шындықты өзгерте алады. Пессимизм шындықтың бетпердесін жамылып жүретін күшке ие. Сондықтан да сіз кез келген пікір талас кезінде тек өзіңіздің ойыңызды ғана «Дұрыс» көресіз. Біз уақыт өте өз шындығымызды табамыз.
Өзіңізді өзгемен салыстыра бермеңіз. Өзіңіз үшін бақ сынап, санасатын нағыз адам – өзіңіз ғана.
Барлық жағдайды жүрекке алмаңыз. Айналаңызда болып жатқан нәрсенің бәрін көңілге жақын қабылдап, жүректі босқа ауыртпаңыз. Бұдан келер сізге дым пайда жоқ екенін ұғынатын кезіңіз келді.
Босқа қорқудан аулақ болыңыз. Адамдардың 80-90% өз басынан өту-өтпеуі екіталай жағдайларды алдын-ала ойлап қорқып жүреді. Олар тек сізді миыңызда ғана орын алып жатады. Өмірде орын алғанның өзінде ол дәл сіз елестеткендей қорқыншты болмайды. Алдын-ала қорқу – босқа кеткен уақыт пен тозған жүйкеге себепші ғана.
Сурет: julsa.ru
А. Әбілхан