Өзімді-өзім тәрбиелеймін!

Өзімді-өзім тәрбиелеймін!

Адамның нағыз тәрбиешісі - өзі. Өзіңді өзіңнен артық кім білсін? Не керегін, жанның не қалайтынын білеміз. Ендеше неге басқа біреудің келіп, ақыл айтып, өмірімізді өзгерткенін күтіп отыра береміз? Бүгіннен бастап өзімізді-өзіміз тәрбиелеу сабағын жүргіземіз!

  • Бәріне мұқият болыңыз! Айналаңызда болып жатқанның бәріне бей-жай қарамаңыз. Өзіңізге қатысы жоқ дүниеге бас сұқпасаңыз да, бәрін бақылауда ұстаңыз. Жан-жағыңызда болып жатқан оқиғалар жаңа идеяның туындауы мен өмірлік тәжірбие жинауға көп көмек береді.
  • Басыңызға келген бірде-бір идеяны кері қайтарушы болмаңыз. Әрине, ол түкке тұрғысыз болмаса... Егер оны бірден жүзеге асыруға тура келмесе, бір жерге жазып қойыңыз! Оған бір күні болмаса, бір күні бас бұрасыз.
  • Өзіңізге керектің бәрін сырттан алыңыз. Өйткені жұрттар қателесіп жатыр, ағат басып жатыр, алдап жатыр, өкініп жатыр, жылап жатыр... Осының бәріне тура көзбен қарап, жақсысы мен жаманынан сабақ алуға тырысыңыз!
  • Үнемі өзіңізбен бірге журнал немесе кітап алып жүріңіз. Әрине, тек сізге олар қиын жағдайда көмектесе алар болса... Күнделікті өмірде көрген-білгеніңізді, болашақта керек болар деген нақыл сөздерді түртіп жүрер қойын дәптер алып жүріңіз.
  • "Уақыт жетпейді ғой" дегеннің өзінде күніне 30 минут уақытыңызды кітап не газет-журнал оқуға бөліңіз.
  • Үнемі ойланып жүріңіз! Бұл мидың жаттығуы деп біліңіз. Ойсыздардан қорқыңыз.
  • Көбіне бұлақ суын ішуге тырысыңыз.
  • Сөзіңізден ісіңіз көп болсын.
  • Нақыл сөздер мен қанатты сөздер жинағын жиі оқып тұруға тырысыңыз. Өйткені онда сіздің бар әрекетіңіз бен өміріңіз жазылған.
  • Өзіңіз өзіңізге бухгалтер екеніңізді ұмытпаңыз. Кіріс пен шығысты қатаң бақылауда ұстаңыз.
  • Интернет-материалдарды көп оқуға тырысыңыз. Оқып қана қоймай, бір қорытындыға келіңіз!
  • Бір істі орындау үшін өзіңізге нақты уақыт беріңіз!
  • Ұйқыны ренжітпеңіз: Ерте жатып, ерте тұрыңыз!
  • Достықты алдыңғы қатарға қойыңыз. Дос болғанда да, нағыз дос!
  • "Махаббат ше?" деп отырсыз ба? Оны да елеусіз қалдырмаңыңз, әрине. Онсыз бола ма? Тек сіздің кетуіңізге жол берген адамға қайта бармаңыз!
  • Сыйлаңыз, сыйлатыңыз!

 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: facebook.com
А. Әбілхан