- Негізгі бет
- Психология
- Өзгеру - өмірге...
Өзгеру - өмірге қайта келу
Бүркіттің тырнағы 40 жасқа келгенде, қатты ұзарып, жұмсарады. Осының салдарынан жемін аулай алмай қалады. Тұмсығы да қатты ұзарып, еркін тамақ жеуге кедергі жасайды. Кеудесіндегі қауырсындары қалыңдап, ұшуға кедергі жасайды. Осы тұста бүркіттің екі таңдауы бар: не өлім, не 150 күндік өзгерісті талап ететін ауыр күндер.
Ол өзінің тау басындағы ұясына ұшып барып, тұмсығы сынғанша оны тау мен тасқа ұрады. Артынша жаңа тырнақтарым өссін деген оймен оларды да жұлып тастайды. Жаңа тырнағы өсіп шыққан соң кеудесіндегі қауырсындарын да жұлады. Осылайша 5 ай бойы қиналып, тағы да 30 жыл өмір сүреді.
Сол секілді өмір сүруіміз үшін бір өліп, бір тірілуімізді қажетсінетін жағдайлар болады. Оның барлығы да жүрегімізге үрей мен күдік орнатып, артынша тәнімізді ауыртады. Біз өткен өміріміздің естеліктерін ұмытып, әдеттерден арыламыз. Өткен өмірдің ауыр жүгін тастау арқылы осы шақтан ләззат алып, болашаққа нық қадам басамыз.
Бақытты болғыңыз келсе, ешуақытта өзгеруден, жаңа өмір бастаудан қорықпаңыз!
Қ. Бүйенбай