- Негізгі бет
- Психология
- Өзгені өзгертем деп...
Өзгені өзгертем деп ойламаңыз
Әр істі ақылмен шешіп, тіпті уақыты келгенде сүйетін адамыңды да босатқан дұрыс. Бұл - біреуге байланып қалмаудың ұлы заңы. Өз махаббатыңды жоғалтудан қорыққандықтан адамды ұстап тұрсаң, онда одан да маңызды нәрселерден қол үзіп қаласың. Терең тыныс ал да, әркімнің өз өміріне жауап беруіне мүмкіндік жаса.
Әрқайсысы өз-өзіне иелік етеді. Ешқашан біреуден өзге адам жасауға талпынбаңыз. Бар болмысымен қабылдаңыз. Біз әрқайсысымыз бір-бірімізге мүлде ұқсамайтын жеке дара тұлғамыз, бойымыздағы таңғажайыбымыз да осында.
Ұқсастығы, жалған түсіністігі, тіпті бірге өткізген өткен шағы – адамдарды жақындастыратын бұл емес. Жақын жандар бір-бірінің айырмашылығынан рахат табады. Біреуді өзгертуге тырыспаса, өз пікіріне келісуге көндірмесе, бас қатыратын ақылдарымен мезі етпесе өмір жеңілдей түседі. Адаммен кітап оқығандай қарым-қатынас жасау керек. Жай ғана оқисың, бір сөзіне келісесің, енді бір ойына келіспейсің, бірақ кітаппен керіспейсің ғой. Сонда да қызық, тартымды, жеңіл, бас ала алмайсың.
Өкінішке орай, мұндай қарапайым жағдайларды түсіну үшін қымбатыңды беруің керек – ана өмірге. Сондықтан, ақылды болыңыз!
@. @assel_assanova