Өзгелерден тәуелсіз болғыңыз келе ме?

Алға қойған мақсаттарымызға жету үшін күш-қуат керек. Оны түкке тұрмайтын адамдарға, жағдайларға шығындаудың қажеті жоқ. Нақтырақ айтқанда...

Саған керек пе? Өзің істе.

Біреудің жұмысын істеп беруден бұрын нәтижесін алдын ала болжай біліңіз. Ол сізге рахмет айта ма? Әлде сол істен кейін өзіңіз үшін мақтан боласыз ба? Қалай болған күнде де біреудің бұйымтайы сізге ауыр жүк емес, қосымша қуат беруі керек. Олай болмаған күнде келіспегеніңіз жөн.

Уәде берме. Бердің бе? Орында.

Оңды солды уәде бергеннен сіз өзіңізді еркін ұстай алмайсыз. Себебі берген уәдені орындай алмасаңыз, өзіңіз үшін ұялып, әлгі адамның бетіне қарай алмай, психологиялық деңгейде өзіңізді ауыр сезінесіз.

Орынсыз көмек

Жақындарымыз тығырыққа тірелгенде олардың шешімі мен пікіріне ой қосып, өзгертуге тырысамыз. Есесіне күткен «рахметіміздің» орнына айыптау сөздерін естиміз. Біреудің қателігі арқылы өмірдің мәнін түсіне алмаймыз. Әр адам өз жолымен жүріп, кей жерінде сүрініп, жаңа белестерді бағындыруы керек.

Бүгінмен өмір сүру

Бүгінге берілген энергияны бүгінгі күнге жұмсау керек. Болашақ жарқын болуы үшін дәл қазір бар күш-қуатыңызды сүйікті ісіңізге шығындағаныңыз абзал.

Үйреніп қалма

Бір нәрсеге, адамға бауыр басатын болсақ, өздігінен дамуымыз тоқтап қалады. Егер бір орыннан жылжи алмасақ, жаңа күш-қуат жинай алмаймыз. Бұл жиі кездесетін «заңдылық». Себебі адам баласы ыңғайлы аумақта тізе бүгіп, ұзақ уақыт отырып қалуға бейім.

Бөгет етпе

Сізді біреу тыңдап тұрғанда ғана сөйлеу керек. Біреуге өз пікіріңізді «қыстырып», әлектенбеңіз. Әйтпесе, достан, жақыныңыздан айырылып, өз энергияңызды далаға шашып, еш нәтиже, пайдасыз қалуыңыз мүмкін.

Өмір «жақсы, жаман» деп бөлінбейді

Бір мақсатқа жету жолында бірнеше рет сүрініп, қателесетін болсаңыз, қамықпаңыз. Әр қателікті — сәйкес келмейтін нұсқа деп қабылдаңыз. Неғұрлым көп қателессеңіз, соғұрлым жақсы. Неге десеңіз, мұндай жағдайда нәтижеңіз сізді алдамай, бар үмітіңізді ақтайды.

Айыптама

Айыптау әдеті – өзіне деген сенімсіздік пен сыйламаушылықтың белгісі. Себебі біреуді сынап, мінеу, психоанализ тұрғысында, өзіңе деген көзқарастың айнасы.

Ақпарат тарату

Біреуге бір нәрсе жайлы кеңес беруден бұрын оны тексеріп алған жөн. Әрбір кеңес тәжірибе нәтижесіне негізделуі керек.

Жоспармен бөлісу

Біреуге өз мақсаттарыңыз бен жоспарларыңызды айтпас бұрын жақсылап ойланыңыз. Себебі біреудің ескертулері мен пікірі мақсатқа деген ұмтылушылығыңызды басуы мүмкін.

Іске сәт!