- Негізгі бет
- Психология
- Өзгеге бақыт сыйлау...
Өзгеге бақыт сыйлау жолдары
Сізді қоршаған әлем де көңіл-күйіңізге әсер етеді. Сіздің бақытты болуыңыз бен күліп жүруіңізді де қамтамасыз ететін – айналаңыздағы адамдар. Сіз – өзге біреуді қоршаған ортаның бөлшегісіз. Біреуді бақытқа бөлей отырып, өз бақытыңыздың кілтін табатыныңызды естен шығармаңыз. Кішкентай нәрселердің өзі адамға қуаныш сыйлай алады.
– Автобус аялдамасында тұрып, бөгде біреумен қолшатырыңызды бөлісіңіз
– Әмияннан шашылып қалған ұсақ тиындарды жинасыңыз
– Әріптесіңіздің тамаққа деген талғамын естен шығармаңыз
– Адам толы автобуста орын беріңіз
– Қал-жағдайын сұрау үшін қоңырау шалыңыз
– Бар жан-тәніңізбен ашыла сырласыңыз
– Сүйіктіңізге қолдан хат жазыңыз
– Өзіңіздің сүйікті бәлішіңізбен бөлісіңіз
– Анаңызбен бірге оның сүйікті әншісінің концертіне барыңыз
– Жолдасыңызға балмұздақ сыйлаңыз
– Бір бөлмеде тұратын көршіңіз үшін осы күннің маңызды екенін білсеңіз, ертерек оятыңыз
– Сүйіктіңіздің үстеліне жазба қалдырып кетіңіз
– Досыңыздың жаңа шаш үлгісін мақтаңыз
– Әріптестеріңізге шоколад сыйлаңыз
– Ауырып жатқан досыңызға дәрі-дәрмек әкеліңіз
– Бауырыңыз үшін пиццаға тапсырыс беріңіз
Жақын жандарыңызға махаббатыңызды осылай білдіріңіз.
Т. Есқали