Көп жағдайда адамдар өзіне қателесуге мүмкіндік бермейді. Бірі - мұны қалыпты құбылыс ретінде қабылдаса, екіншісі - күйзеліске тап болады.
Балада «озат оқушы» синдромы қалай пайда болады?
Озат пен озат оқушы синдромына тап болған баланы бір-бірінен ажырата білу керек. Озат оқушы еш уақытта бағаға мән бермейді. Олар үшін күн, жұлдызша немесе бестік баға алатын сәт маңызды емес. Ол бәрінен бұрын тапсырманы орындап, өзге оқушыларға қарағанда көп сөз оқып, көп істі меңгеруге тырысады.
Ал озат оқушы синдромы бар баланың мақсаты мен бағыты мүлдем бөлек. Оған қандай жолмен болмасын жоғары балл алу маңыздырақ. Не үшін? Себебі балада жақсы баға алып келсем, ата-анам мақтайтын болады деген синдром қалыптасып қалған. Шындығында, бұл бала ата-анасының кішкене сүйіспеншілігіне де риза болады.
Осылайша, озат оқушы синдромы ата-ананың балаға манипуляция жүргізуінің нәтижесі болып шығады. Олар өз кезегінде баламызға жақсы бағасы үшін мақтан сөз айтып, сыйлық беретін болсақ, білімге деген сүйіспеншілігі артады деп ойлайды. Яғни ата-аналар балаларына басқа мінез телиді, ал бала үнемі басынан сипағанды күтетін болады. Бұл манипуляция өз күшін жоғалтып, баланың шыдамы таусылатын кез болады. Осы сәтте жаман жолға түсіп кетуі ғажап емес.
Бұл комплекс өскен кезде қалай көрініс табады?
Мұндай синдромы бар адам өскен соң тек мақтан сөз есту мақсатында ғана жетіскке жететін болады. Олар айналасындағылар жасап жүргендерімді көріп «Өзі істі тамаша орындайды!» деп ойлайды деген оймен жүреді. Мысалы, бұл «озат оқушы» көлік жүргізіп келе жатыр делік. Басқа көлік жүргізушілері бұрылып қарамаған болса да, менің қандай жылдамдықпен келе жатқанымды олар көріп тұр деп қиялдайды. Осы секілді белгілер адамға болашақта мансап жолында жоғарылауға, жаңа жеңістерге ұмтылуға кедергі жасайды.
Бұл синдром адамға қауіпті ме? Одан арылу керек пе?
Әр адам өзіне ненің ұнап, ұнамайтындығын өзі шешеді. Ал соңғы уақытта не өзгерді? Мүмкін барлығы мектептегідей болып жатқан шығар? Егер әлі де әрбір ісіңіз үшін мақтан сөз күтетіндей хәлде болсаңыз, арнайы мамандарға қаралыңыз. Озат оқушы синдромы аурудың бір түрі болып табылады.
Ал Сізде "озат оқушы" синдромы жоқ па? Немесе бұл синдромы бар сыныптастарыңыз бар ма?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: Жанаман Бақтұреевтің жеке парақшасынан