Өз тарапыңызға айтылған мақтау сөздерді қалай қабылдайсыз?

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»  дейді халық  даналығы. Расымен де, жылы сөздер мен мадақтаулар айту — адамның көңілін жадыратып сала беретіні рас. Ал біз осы сөздерді қалай қабылдап жүрміз? Кенеттен сізге жақсы сөзде бағытталса, сіздің әсеріңіз қандай болмақ? Қазіргі кезде аруларымыз осындай мақтауларды дұрыс қабылдай алмай, өзін де өзгені де келеңсіз жағдайда қалдыратын кездер аз емес. Осындай жайттардың алдын алу үшін мына ережерледі есте сақтаңыз!

Өз деңгейіңізді түсіретін жауап!

 —  Сіздің шашыңыз неткен керемет! Қалай күтім жасайсыз?

 — Ой, қойыңызшы! Менің шашым ба? Күтетін түгі де жоқ. Оның үстіне көрдіңіз бе ұштанып жатыр...

Мадақтауды қайтару!

 — Теріңіз сондай балғын екен! Түсі де тамаша!

 — Менде ме? Жоқ, қателесесіз.  Керісінше маған сіздің теріңіз ұнайды.

Пессимистік көзқарас!

 — Сіз Деми Мурға ұқсайсыз. Білесіз бе?

 — Жоқ, маған тек Мурдың қызметшісіне ұқсайтынымды айтқан.

Қажетсіз күлкі!

— Сіздің баяндамаңыз өте сәтті шыққан.

Қатты күліп, әңгімелесушіңізді итеру, көз қысу.

Тәкаппарлық.

 — Сіздікіндей сымбатты денені  ешқашан көрмеппін!

 — Көзіңіздің дұрыс көрмегендігінен болар...

Сурет: Vk.com