АҚШ психологтары зерттеуіне қатысқан қыз-жігіттердің көзқарасы негізінде мынадай нәтижеге ие болған. Қыз бен жігіт махаббатасқанда бір-бірінен мынадай бес түрлі күйді талап етеді екен.
Сенім. Қыздар жағы жігіттерге қарағанда сезімтал. Кішкентай дүниені оп-оңай ұлғайтып, ушықтырып жібереді. Бұл, әрине, қарсы жағына деген сенімсіздіктен келіп шыққан. Сенімсіздік күйі жігіт тарапына үлкен ауырлық түсіреді. Сондықтан, ару қыздарымыз пейілін кеңге салуы, жігітіне сеніммен қарауы және өзінің баурау қуатына да сеніммен қарауы керек деген пікір айтады мамандар. Айта кетер тағы бір жайт, сізге тиеселі дүние түптің түбінде сізге оралады, ал сізге бұйырмаған өмір сізден алшақтай бермек. Егер "жігітім сөзсіз қателеседі, менікі дұрыс" деген пікірде табанды тұрсаңыз, ең жақсысы бұл көзқарасыңызды жігітіңізге таңбаңыз, өйткені, махаббат мәңгілік. Ал, сіздің мәңгілік махаббатқа дейінгі сенімді қайта қолға келтіруіңіз екіталай. Барға қанағат. Кейде қыздар қауымы айналасындағы жағдайлар немесе нашар көңіл-күйі жайлы жігітіне мұңын төгіп, қайғысын айтады. Бұл жағдайда қыздардың ең жақын адамы ретінде өз жігітін жақын тартып бұл дүниелерді айтып жатқанын азаматтарымыз түсінбей қалуып, өзіне ауыр салмақ түскендей сезінуі мүмкін екен. Ендеше, өміріңіз және жігітіңіз сыйлаған барлық қуаныштар мен бақытқа қанағат етіңіз. Осы арқылы жігіттер өзінің сіздің өміріңізде қаншалықты маңызды орында тұрғанын біледі де тіптен талпынатын болады. Мақтау. Кей жігіттер кішкентай бала немесе сәби сияқты. Мақтансүйгіш болады. Оларды аздап, ретін тауып мақтап тұрудың да зияны жоқ. Себебі, олар сіздің осы мақтауыңыз бен жігерлендіруіңіздің арқасында өзіне тың күш алып, сіз үшін, екеулеріңізге ортақ өмір үшін күресетін болады. Мойындау. Жігіттер қауымы достары, туысқандары, тіпті бірге жұмыс істейтіндерден гөрі өз сүйген адамының өзін мойындауына үлкен назар аударады. Оның бойындағы талантты, білімді, күш пен қуатты мойындаңыз. Егер жігітіңіздің өзіне деген сенімі мықты болмаса, ол бір күні сізді де тастап кетуі мүмкін. Жақын үнсіздік. Үнсіздік ең жақсы әңгіме. Екеуара келіспеушіліктер туылып, ренжіскен кездеріңізде оның кеудесіне басыңызды қойып, үнсіз жүрек соғуын тыңдаңыз, құшағыңызға қатты қысыңыз. Аздап көз жасыңызға ерік берсеңіз де болады. Бұл сіздердің тілмен айтып жеткізе алмайтын махаббаттарыңызды әйгілейтін жақсы құрал болмақ.Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: voxpopuli.kz