- Негізгі бет
- Психология
- Өз-өзіңмен сырласу –...
Өз-өзіңмен сырласу – ең үздік талғам
Жалғыз отырған шағыңызда не істейсіз? Компьютердің алдына жайғасасыз ба? Теледидар қарайсыз ба? Мүмкін құрбыларыңызбен әңгіме-дүкен құратын шығарсыз? Жоғарыда аталғандардың қайсысын жасасаңыз да, мақсатыңыз біреу ғана. Ол – жалғызсырамау.
Сірә, сырласу сондай қиын болғаны ма? Синди таяуда «Сезімді жетілдіру» дейтін тақырыптағы бір сабаққа қатысты, жетекші үлкен сабақ залындағы әрбір адамнан өзіне тиесілі орын тауып, еш қимыл, сөз-әрекетсіз 10 минут уақытты өткізуді талап етеді. Әр іске елгезек Синди 30 секунд толар-толмастан жан-жағына қарап, курстастарының не істегенін байқай бастады. 3 минут өткен соң Синди мазасыздана қол телефонын шұқылап, өзіне ешкімнің хабарласпағанына таң қалды. 5 минут толғанда кенет әлдебір тапсырыскеріне телефон шалып, жарнама жобасын ақылдасуы керектігі есіне түсті. Жанында отырғандар да тынымсыз қозғалып отырған еді. Бірі - шашын жөндесе, енді бірі - киімін түзеуде, әйтеуір бәрі өзімен-өзі әуре. 8 минут өтті. Синди шарасыз бейнеде жетекшіге қарап қабағымен бұл ойынды ертерек аяқтасақ деп ишарат жасады.
Уақыт толды. Синди маңайындағы курстастарының да өзі секілді бұғаудан босағандай жеңілдеп қалғанын байқады. Сынып іші лезде қызу талқыға түсті. Бейне манағы өткен 10 минутты қайтарып алуға құлшынып жатқандай. Осы кезде жетекші бұл қимылда олардың өз-өздерімен сырласа алған уақыттарының қанша болғанын сұрады. Қойылған тосын сұраққа Синдидің жауабы жоқ еді. Ол өзіне-өзі таң қалды.
Міне қызық, шындығында адамдар өзімен сырласа алмағаны ма?
Маңайыңызға көз салсаңыз, Синди сынды адамдардың көп екенін байқайсыз.
Әр іске қызығатын Джой достарының көңіліндегі мәңгілік «қуаныш гүлі». Ол түрлі топтық ортада белсенді болып отыратын және барған жеріне қуаныш сыйлап, әркімнің көңілінен шығатын-ды.
Оның мұндай көңілділікке үйір болатын соншалық, жалғыз дүкен аралаудан, жалғыз тамақтанудан, жалғыз кино көруден, яғни жалғызсыраудан қорқады. Ол үнемі үйде жалғыз отырса, дүниеден құр алақан қалғандай көңілі құлазып сала береді. Сондықтан ол әр түрлі амалдар тауып уақытын өткізеді.
Біз жалғызсыраған шағымызда басқалардың өз қасымызда болмауы салдарынан қоғамдағы өз орынымыздың мәнін жоямыз. Мысалы, ата-ана болмаса, бала дейтін атаудың өмір сүруінің де ешбір қажеті қалмағандай; қызметкер болмағанда «бастық» деген салауаттың да мәні қалмағандай сезіледі.
Тұрмыстағы көп салауаттан өзімізді босатқанда ғана, шынайы өзімізді танып жете аламыз. Дегенмен нағыз өзімізге жолыққан сәттерде біздің көңіл түкпірімізде «Мен кіммін?», «Мен не үшін көңілсіз боламын?», «Қалай істесем дұрыс болар?» деген сан сұрақ туыла бастайды.
Шынын айтқанда, ішкі психологиясы толық жетілген адам өз көңіл-күйімен сырласа алады. Жалғыз қалған шағыңыз - көңіл күйіңізбен сырласудың ең тамаша шағы.
Мен қандай адаммын? Мен қалай өмір өткізудемін? Деген сұрақтармен өзімізді танып, жүрек түбіндегі шын сезімімізбен нағыз өзімізді қабылдап, көңіл аспанымызды ашық ұстап, бүкіл дүниедегі адам мен әр алуан істі құшағымызға ала білу - ең дұрыс шешім. Адамдардың өз-өзімен сырласа білуі - бақытты сезіне білудің ең тамаша тәсілі.
Әр күні 10-20 минут уақытыңызды қиып, ешқандай іспен шұғылданбай тек тып-тыныш ғана өзіңізбен сырласыңыз. Бұлай істеу бізге дұрыс бағдар нұсқайды, өте-мөте, көңіл дақтарыңызды жуып, көңіліңізді серпілте түседі.
Аударған: Фариза Екпінқызы
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: xtb88.com
M. Auelkhan