- Негізгі бет
- Психология
- Өз-өзіңе көмек көрсетуге...
Өз-өзіңе көмек көрсетуге арналған идеялар
Әкесінің қорқынышты түстен шошып оянған баласын тыныштандыру үшін арқасынан қаққаны, анасы жылап отырған баласын жұбату үшін қолынан ұстап, маңдайынан сүйгені, атасының немересі айтқан мектепте болған әділетсіз жағдайды тыңдауы – мұның барлығы ата-ананың баланы тек жұбатуы емес, сонымен қатар баланы өз бетінше тынышталуына үйретуі де.
Мысалы, эмоцияны елемейтін ата-аналар болады. Олар көбінесе, тек өздерінен немесе жұмысынан қолдары босамай, өз баласының мұқтаждығын елемейді. Олар тіпті, барлық жағынан керемет ата-ана болуы мүмкін. Баласына материалдық және білім жағынан барлық қажеттілікті жасап отыруы да мүмкін, бірақ олар ең маңызды – өмірдің эмоциялық құрауышы туралы ұмытады.
Бірнеше жерде жұмыс істейтін ата-аналар бар. Өзін жұбата алмайтын ата-ана балаларын да қалай тыныштандыру керектігін білмейді. Сонымен қатар эмоция әлеміне икемделмеген де адамдар бар. Мұндай ата-аналар өз балаларының эмоциялық қажеттілігіне тиісті түрде әрекеттесуге жағдайлары болмай қалады.
Өзіңе көмектесудің қиындығы жоқ. Бұл дағдыны үйреніп, игеріп алуға болады. Өзіңе көмектесудің тиімді әдістерін анықтау үшін алдымен балалық шағыңызды еске түсіріңіз. Сол кезде сізді не жұбататын еді? Оның сізге зияны жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Мысалы, алкоголь, шопинг немесе тамақ жылдам шешім болғанымен, оларды тыныштануға қолданудың қажеті жоқ. Олар тәуелділік туындатады. Өзін жұбата алмайтын ата-ана балаларын да қалай тыныштандыру керектігін білмейді.
Өзіңізді жұбатуға көмектесетін бірнеше идея ұсынамыз, оның ішінен өзіңізге керегін ғана қалдырыңыз:
1. Көбік немесе хош иісті тұз қосылған ванна жасаңыз.
2. Тыныштандыратын шай дайындаңыз.
3. Ыстық душқа түсіңіз.
4. Сүйікті әніңізді тыңдаңыз.
5. Көлігіңізді жуып тазартыңыз.
6. Спортпен айналысыңыз: жүгіру немесе велосипед тебу.
7. Үй жинаңыз: шаң сүрту, еден жуу.
8. Үйде заттардың орнын ауыстырыңыз;
9. Музыкалық аспапта ойнаңыз.
10. Сүйікті тағамыңызды пісіріңіз.
11. Далада жай серуендеп келіңіз.
12. Досыңызға телефон соғыңыз;
13. Шөпке жатып, бұлттарды бақылаңыз.
14. Далаға түнде шығып, жұлдыздарға қараңыз.
15. Жақсы фильм қараңыз.
16. Тыныш жерге отырып, медитация жасаңыз.
Өзіне көмектесудің маңызды құрауышы – өз-өзімен сөйлесу. Ол ең пайдалы әрі әмбебап әдіс болып табылады. Ол ойыңызда жағымсыз сезіміңізбен сөйлесу секілді болады. Мысалы, мынадай сөздер арқылы өзіңізге көмектесуге болады:
1. Бұл сезім мәңгі жалғаспайды.
2. Сен өзіңнің жақсы адам екеніңді білесің ғой!
3. Бар күшіңмен тырыстың, болмады. Келесіде тағы көреміз!
4. Бұл – өткінші.
5. Бұл жағдайдан өзіме не алуым керек? Болашаққа не аламын және нені өткенге тастаймын?