Өз-өзіңді суретке түсіруге бола ма?

Өз-өзіңді суретке түсіруге бола ма?

Шыны керек, әлеуметтік желілерге бас сұққан адамның әрқайсысы болса да дәретхана, жуынатын бөлме, лифт сияқты жерлерде (айнасы бар жердің барлығында) өз-өзін суретке түсіріп тұрған қыздың суретін көреді. Ал бұл дегеніңіз көріп отырған адамның таңғалысы мен тамсануын туғызбайтынын жаңалық ретінде айтайық.

Әлемде өз-өзін суретке түсіргендердің бірер әдістері ғана құрметке лайық! Әдетте сіз тұрған жерде ешкім де сізді суретке түсіре алмайтын болса ғана өз-өзіңізге фотоаппаратпен «қол жұмсай аласыз». Әсіресе өз-өзін жақсы көретін қыздарға нұсқаулық бере кетсек деп едік...

Заттық айғақ

 

Келли Слэйтер суретке түсуге қызықпайды. Ал өз-өзін түсіру үшін оған кереметтей түрткі болмаса, мұндай қадамға аяқ баспайды. Бірақ та ел оның ең биік толқындарды бағындыратынын егер ол суретке өз-өзін түсіріп көрсетпесе сенбейтін еді. Келли сондықтан да мұндай іске анда-санда баруына тура келеді.

Ананы қуанту

  Арон Ралстон шешесіне демалыс күндері қайда баратынын айтпай кеткен екен. Сөйтіп Юта штатындағы тасты даланың бір қуысында қолы қысылып қалып, 127 сағат бойы сонда күн өткізген. Бұдан кейін ол қолынан айрылып, үйіне әрең қайтқан. Бірақ ол ендігіде қайда баратыны жайлы анасына MMS түрінде хат жазып тұратын болған. Естеріңізде болса оған арнайы «127 сағат» атты фильм де түсірілген болатын.

«Әйеліме дәлел!»

  Кристофер МакДугл есімді бэйсердың әйелі бар. Ол өз қызығушылықтары мен хоббиін тастамау үшін, ал бір жағынан көңілдесі жоқ екенін дәлелдеу үшін өз-өзін суретке түсіреді. Міне, қандай адалдық! Бірақ ол кейбір қыздар секілді камераға қарап ернін шошайтып, көзін үлкейтпейді-ау.

Тепе-теңдік сақтау

  2012 жылдың үздік шаңғышысы атағын жеңіп алған атақты спортшы Том Уоллиш қолына таяқ ұстап шаңғы тепкісі келмейді. Бірақ онсыз сальто жасай алмайды екен. Жаттығуды орындау кезіндегі тепе-теңдікті сақтау үшін ол штативке орнатылған камераны қолына ұстайды екен. Оның сол сәтте суретке түсіріп жатқанын кім ойлапты?!

Абайлаңыз, рекорд!

  Әлемнің танымал бордерлерінің бірі Трэвис Райс портативті камера асынып, тауларға өрмелейді. Оның камера ұстауының басты себебі рекорд жаңартып қалса, сол сәтті фотоаппаратқа түсіру екен. Ойда жоқта рекорд орнатып қалса, бұл суреттердің қаншалықты маңызды болатынын әрмен қарай өзіңіз ойлай беріңіз.

Ал әлемді құтқаруға талпынып жүрген сұлуларға айтарымыз – Сіздердің әдеміліктеріңізді өздеріңіз емес, өзге біреулер суретке түсіріп әлеуметтік желіге салсын. Осымен өз-өзімізді жарнамалауды қояйық...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: birdymag.ru

А. Құлтай