Өз-өзіңді дамытудың шарттары #2

Өз-өзін дамытудың негізгі шарттарын атап өтейік:

Басы

1. Жауапкершілік. Бір мәселені шешу кезінде күмәндансаңыз, жауапкершілікті басқаның мойнына ілмей, жақсылап ойланып, өзіңіз шешуге тырысыңыз. Бұны өмірде кездесетін үлкен проблемаларды шешу алдындағы дайындық деп санаңыз. Жауапкершілігі бар адамды өмірге дайын деуге болады.

2. Өзіңізді тыңдауды үйреніңіз. Ішкі дауыс деген түсінік жайлы не ойлайсыз? Кейбірі оны интуиция деп те атайды. Кім қалай атаса да, ең бастысы оның бізге берер пайдасы.

Кейде шешім қабылдауда бірдеңе сезетіндей боламыз. Мысалы, бөтен жерде адасып жүріп екі айрық жолға кезіксек, қайсысын таңдарымызды білмей тұрамыз. Өте қиын таңдау десем, қате айтпаспын. Дегенмен, бұндайда интуиция іске қосылып, бірдеңе сезетіндей боламыз.

Сол сияқты біреуге қарыз беру немесе бермеу, жаңа нәрсе сатып алу немесе бағаның түскенін күте тұру деген секілі әртүрлі таңдаулар кездесіп жатады.

Ішкі дауысымызға сеніп, құлақ салуды үйренсек, біраз пайдасын көреміз.

3. Енді дамудың өзіне келсек. Шығармашылыққа жақынсыз ба? Сурет саласыз ба? Тоқуды, тігуді ұнатасыз ба? Музыкалық аспапта ойнайсыз ба? Есеп шығара аласыз ба? Спортпен шұғылданасыз ба? Немесе басқа бірдеңемен айналысқанды ұнатасыз ба, соны анықтап, сол салада дамуға тырысыңыз. Себебі, егер сіз сүйікті іспен айналыссаңыз, сол саланың білікті әрі сапалы маманына айналасыз. Жаман кәсіп жоқ – аспазшы болсын, суретші болсын, шын қаласаңыз биік белестерге шыға аласыз.

4. Өмірде өз орнын табу көбіне қиынға соғады. Дегенмен, бұған өте қатты ұмтылу керек.

Аталған шарттар бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, бірін елемей кетуге болмайды. Сондықтан, бар жігеріңізді жинап, өміріңізді қолға алыңыз.

Сәттілік!

Сурет: plus.google.com

Оқи отырыңыз:

Табысты болуға дайынсыз ба?

Табысты болуға дайынсыз ба? #2

Бақытты болуға не кедергі?

Бақытты болуға не кедергі? #2