Өз-өзімен сөйлесу ауру емес

Өз-өзімен сөйлесу ауру емес

Германияның психолог мамандары зерттеу жүргізу нәтижесінде өзіне-өзі сөйлеу қарбаластықтан арылудың өнімді әдісі деген байламға келген.

Бір адамның жапан-жалғыз отырып, өзіне-өзі сөйлеп отырғанын көргеніңізде, сөзсіз оны рухани жақтан қалыпсыз адам деп қабылдайсыз. Осындай қате танымның әсерінен мәселені шешудің жақсы әдісі де қате түсінікке ие болып отыр. Шындығына келсек, өзіне-өзі сөйлеу көңілсіздіктен арылудың өнімді әдісі болып  қана қоймастан, психологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіруге септігін тигізеді. Бір іске шешім жасай алмаған кезде, өзіңізбен-өзіңіз шүйіркелесіп, өзіңізге бірнеше сұрақ қойғанда, мәселеге біржақты қарау немесе түкке тұрғысыз нәрсені ойлап әуреленудің мүмкіндігі азаяды екен.

Психологтар өз-өзіне сөйлеудің төмендегідей рөлі бар деп қарайды:

  1. Өзінің дауыс ырғағы адамға тыныштық бағыштап, қауіпсіздік және адамдық қарым-қатынас әсерін береді;
  2. Өзіне-өзі сөйлеу – адамның өзіне ғана тән жекелік мәселелерін шешуге пайдалы. Досқа мәміле жасағандай, мәселені ортаға қойып, өз пікіріңізді де, кері тартып тұрған пікірді де айтып, сарапқа саласыз. Мұндай жағдайда соңғы шешім біршама нәтижелі болмақ;
  3. Өзіне-өзі дауыстап сөйлеу – үлкен мидағы қалыпсыздықты, өте-мөте шұғыл қарбаластықты ретке келтіреді.
  4. Алаңдайтын істер мен әрі-сәрі болатын істерді өзіне айтса, көңілсіздік, әурешілік өздігінен айығып, адам психологиялық тепе-теңдікке енеді;
  5. Ұйқы жақсарады. Өйткені, терең ойға шомғанда, көңілде айтылмаған сөз болады, ал өзіне-өзі сөйлеу көңілдегі ойдан арылтады. Сонымен, ұйқы жақсарып, жаман түстер көрмейтін болады.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: weibo.com

M. Auelkhan