Әйгілі жазушы Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым – Қожа" повесінің басты кейіпкері Қожа секілді өз есімі өзіне ұнамайтын адамдарды жиі кездестіруге болады.
Кейбіреулері тіпті атын ауыстырып алып та жатады. Әсіресе көп ұлтты қаладан гөрі ауылдан кісі аттарының небір түрлерін естисіз.
Ер адамдардың жануарлармен байланысты Қасқырбай, Түлкібай, Түйебай, Аюбай деген есімдері алғаш айтылғанда құлаққа жат естілуі мүмкін. Өткен ғасырдың 60-70-жылдары ұлдардың Болат, Марат, Қанат, Мұрат, қыздардың Айгүл, Сәуле, Айнұр, Жанар деген аттары кеңінен таралды. Кеңес үкіметінің болғанын айғақтайтын Съезд, Совхозбек, Советбек дейтін есімдер де жеткілікті болды.
90-жылдардан бастап фильм, сериалдарды теледидардан көрсетілу қолға алынғаннан бері сүйікті кейіпкерлерімен қоштасуды жөн көрмеген көрермендер өз балаларын, немерелерін Изаура, Марианна, т.б. деп атады. Ал қазір балаларға түріктердің есімдері қойылып жатыр.
Бұдан бөлек Руслан, Айару, Аружан, Кәусар мен Ерасылдар да көп.
Әрине барлық адам өз баласының дені сау, талантты, адал, мейірімді, жақсы адам болғанын қалайды. Дүниеге келген сәбиіне қандай ат қоярын білмей қиналатыны да шындық. Дегенмен психологтар қиындықпен келетін Жеңіс, Махаббат аттарын немесе өмір жолы ауыр кейіпкерлердің есімдерін сәбиге бермеуге кеңес береді.
Себебі аталған аттармен байланысты ассосиация бейсанада тұрады. Сондай-ақ педагогтар есімнің адам өмірінде үлкен маңызы бар екенін айта келіп, өзге ұлттың есімін алған қазақ баласының ата-баба дәстүріне салғырт қарайтынын тілге тиек етеді.
Сонымен қатар аты өзгеше балаларды құрдастары, сыныптастары, көршілері мазақтайтыны сөзсіз. Сәнге айналған есімдердің де бір-екі жылдан кейін ұнамай қалатынын өмірде көріп жүрміз. Сондықтан құлаққа жағымды естілетін есімдерді таңдаған абзал.
Ал сізге өз есіміңіз ұнай ма?
Сурет: ©Дана Нұрмағанова
Ұқсас жазбалар:
Неге үндемейсіз?
Қандай әйелмен ажыраспайды?
Өмір туралы өсиет әңгіме
Сүйіктіңізге ақша тапқызудың оңай жолдары