- Негізгі бет
- Психология
- Өз бақытыңды табуға...
Өз бақытыңды табуға көмектесетін 3 сұрақ
Іздеу жолына "бақыт құпиясын" жазсаңыз, Google төрт миллионнан астам нәтиже береді. Бұл тақырып көптеген адамның көкейінде жүргені анық. Қалай бақытты болу керек деген сұраққа бір әмбебап жауап болса жақсы болар еді. Бірақ бақыт әркім үшін әртүрлі.
Психолог, профессор Андреа Бониор бақытты табу үшін мына 3 сұраққа жауап беруге кеңес береді.
1. Бос уақытта немен айналысасыз?
"Бақыт өзінің құндылықтарыңды тауып, оны өз күніңнің бір бөлігіне айналдырудан тұрады", — дейді маман. Демалыс күнін елестетіңіз. Ұйқыңыз қанды, барлық үй жұмыс істелген. Бос уақытыңыз бар. Оны қалай өткізесіз?Біреу үшін мінсіз уақыт — кафеде отырып, кітап оқу. Енді біреу үшін — серуенге шығады. Ал енді бірі үйде жалғыз қалғанды жақсы көреді. Сол сәтте өзіңізге неге бұл күн ұнайтынын біліңіз. Соны анықтаған соң оны күнделікті өмірге қоса аласыз.
2. Өмірбаяныңызды қысқаша қалай баяндайтын едіңіз?
Бұл сұраққа жауап беру қиын, дегенмен сіз өзіңіздің некрологіңізде нені көргіңіз келеді, баяндап көріңіз. Біз күнделікті шаруаны маңызды орынға қойып, өзіміздің өміріміздегі маңызды нәрсені ұмытамыз.
Егер қазіргі өміріңіз өзіңізден кейін қалдыратын естеліктерге сай келмесе, онда өзгеріске бүгіннен бастап кірісуіңіз керек.
3. "Махаббат" сөзін естіген кезде кім көз алдыңызға келеді?
Андреа Бониор тек адамдарды ойлап қоймай, олармен қарым-қатынасты да ескеру керек екенін айтады. Жалғыздық рухани және физикалық тұрғыдан денсаулыққа зиян. Сонымен қатар, өмір ұзақтығын қысқартады. Сол себепті, өмірге қуаныш алып келетін адамдарды бағалау керек.