Ойыңыздағы Сіз...

Ойыңыздағы Сіз...

Бірде сэр Френсис Гальтон (әлемдік психологияның көш басында тұрған тұлға) өзіне сынақ жасап көргісі келген. Лондон көшелерін күндегі әдет бойынша араламас бұрын, ол өз-өзіне бір сөздерді айтып, айна алдында қайталап тұрып алыпты:" Мен - оңбаған, жиіркенішті, нас адаммын. Мені бүкіл Лондон жек көреді!" Осы бір түсініктің бел ортасында өзін елестетіп, сол сөзге санасын сіңісті қылып, ақыры көше аралап шыққан.

Алғашында бәрі қалыпты, бәз баяғы орнында көрініпті. Бірақ, бір көшеден екінші көшеге өтер тұста, өзіне аса жиіркенішпен қарап өткен көзқарастарды аңғарған. Тіпті, жанай өткен адамдар мына пасық адам кім дегендей сыбырлап кете барған. 

Портқа жақындаған тұста, бір балықшының кеудесіне соғысып, иленіп жатқан қара балшықтың үстіне құлайды. Абайсызда құлатқанымен, әлгі балықшының бұған деген көзқарасы өңменнен өтіп, жаман пікірде тұрғаны аңғарылған. Ол түгілі, жануарлар әлемі ортақ ымыраға келіп алғандай сол күні. Ұзын арқан, кең тұсауда тұрған бір жылқы өтіп бара жатқан бұның тізе тұсынан теуіп, омақаса құлатыпты. Ашу-ызасы бұрқ ете қалып, өзін аяр адам іздегенімен, жиналған азды-көпті жұртшылық жылқыны қорғаштап, керісінше, мұны кінәлі қылып тұрыпты. Шынында да, бар жұртшылық сол күні мұны жек көріп кеткен еді.

Содан не керек, сынақтан жаза баспай, бір нәрсеге ілікпей тұрып Гальтон үйіне жетуге асығады. Шындыққа негізделген оқиғаны сол күні күнделігіне жазып, түртіп алған. Және екі бірдей үлкен маңызды қорытынды шығарған: 

1. Адам өзі туралы не ойласа, ол - сол болып табылады.

2. Қоршаған ортаға жан күйзелісі, ішкі болмысы туралы айтудың еш қажеті жоқ. Олар онсыз да мұны сезіне алады. 


Біз не ойлаймыз, біз - солмыз. Біздің ойда не бар, біз - солмыз. Өз ойымызбен әлемді жаратамыз. 

Будда. 

Өзгелердің сен туралы ойы емес, өзің туралы не ойлайсың, сол ең маңызды нәрсе. 

Сенека

сурет:meta.kz 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига