- Негізгі бет
- Психология
- Ойланбастан үйленіп алар...
Ойланбастан үйленіп алар едім...
Жасы ұлғая келе ер адамдар өзіне қандай арудың сай келетінін біле бастайды. Сүр бойдақтардың «ойындағысын» таба алмай ұзақ жүріп алатыны да сондықтан. Ұзын-сонар тізім құрмай-ақ үйленуге ұсыныс жасауға болатын қыздар қандай нормаға сай болуы керек? Қандай қыздарға ойланбастан үйленуге болады?
Көз жасын бір сығып алатын болса. Қыздарға тасжүрек болудың түкке де керегі жоқ. Өйткені олар нәзік жаратылыс иесі. Нәзік жанның жүрегі де нәзік болуы керек. Тасжүрек қыздар көп қиындыққа мойымайтын болғанымен, мейірімге сараң болады. Әйел адамның керек кезінде көз жасын сығып алып, ішіндегісін сыртқа шығарып жеңілдеп алғаны өте дұрыс.
Өміріңе сән бере алатын болса. Оның жұмыс жасағаны не жасамағаны маңызды емес. Оның ақша тапқаны не жаратқаны маңызды емес. Ол жай ғана сенің өміріңнің күні болса болды. Солай емес пе? Бетін бұлт баспайтын шуақты күнің болсын. Сонда ол сенің өміріңнің мәні де, сені де болады.
Отбасын ғана емес, өзін де күте алатын болса. Отбасының жағдайынан басқа, өзінің денсаулығы мен сырт келбетін күте алатын, сұлулыққа жаны құмар қыздар ер адамның көңілінен қалай шықпасын? Үнемі ас үйде сатпақ-сатпақ халат киіп алып тамақ жасап жүретін әйелдер еркегінің асқазанына ғана жол табады. Жүрекке жол тауып, сонда біржола орнау үшін әйелдің күтімі дұрыс болуы керек.
Айналысатын сүйікті ісі көп болса. Бала бағып, тамақ жасаудан басқа да тірліктермен айналысып, күн сайын өзін басқа қырынан ашуға тырысатын әйелдер де ер адамдардың жанына жағады. Өзінің үй тірліктері мен ас үйде шебер екенін көрсетіп, одан басқа спорт, би секілді қызығушылықтармен айналысатын әйелдің дене бітімі де, денсаулығы ды дұрыс болады.
Қылығымен қытығыңа тиетін болса. Қыздың қылықты болуы керек дүние. Өйткені әйел адамның сүйкімді әрекеті оны одан да сұлу етіп көрсетеді. Жанына қылықты аруды ерткен жігіттің көңіл-күйі түсіп, іші пыспайды.
А. Әбілхан