«Солай да, солай, қарағым, отыздан асып барамын» деп отыздың ордасын бұзып жатсаңыз, сіз мына жазбаны жақсы түсінесіз. Ал әлі отызға жақындамасаңыз, дайындалыңыз. Мұны қазір түсінбесеңіз, оған да уақыт жетер... Сонымен отыздағылар не ойлайды екен?
«Уақытылы ұйқыға жату деген керемет екен ғой»
«Жас кезімізде көрген кинофильмдеріміз бен оқыған кітаптарымыз қарапайым өмірде көп көмектеседі екен»
«Таңертең ерте оянып жаттығу алаңына бару бұрынғыдай көңілді болмай қалды»
«Адамдардың бойындағы осы уақытқа дейін ұнап келген қасиеті енді түкке тұрғысыз»
«Бала болғым келеді қайтадан...»
«Ата-анаң өміріңдегі ең маңызды адамдар екен. Уақытымыздың көп бөлігін отбасымыз бен ата-анамызға бөлуіміз керек екен»
«Өз сүйген ісімен шұғылданып өмір сүріп жүрген адамдар өте сирек кездеседі»
«Денсаулық та анда-санда сыр бере бастады. Суық өткен бе, қайдам...»
«Кеше артық сөйлеп қойыппын, кешірім сұрасам ба екен?..»
«Неге бұрыннан бері ақшаны осылай басқару тәртібін меңгермеген екенмін?..»
«Көп отыратын орындары бар, тыныш демалыс орындарынан, отыратын жері тар, шулы орта – түнгі клуб қызықтау екен»
«Отыздан астым, не бітірдім?»
«Бұрынғы шашымның үлгісі қандай күлкілі. Мына суреттегі жас жігіт менмін бе?»
«Егер сен ЖОО-да өткен лекцияның бәрін оқып ойыңа түйген болсаң, онда сен қарапайым адамнан мың есе білімді болар едің»
«Саны бар, сапасы жоқ достар өздерінен-өздері іріктеліп кетті. Ең жақын деген 5 адал досың болса да, жетеді екен»
«Уақыт деген өтіп бара жатыр, иә?»
«Кішкентай кезімде үлкен болсам деп неге сонша асыққан екем?»
«Бала кезімде үлкен болсам, бар сұраққа жауап табатындай көрінуші едім. Бірақ әлі жартыдан көп сұрағым жауапсыз...»
«Балаларды аяғынан тұрғызу керек...»
«Айлық түссе, көлігімді бір жөндетіп алмасам...»
Сурет: Тимур Керимов