Жасыңыз жаңадан жиырмадан асса да, өзіңізді кәрімін деп ойлайсыз ба? Жоқ, сіз әлі баласыз! Кезекті материалымызда қыздар 30 жасқа келгенде ғана түсінетін фактілер туралы жазамыз.
№1 шындық
Жасыңыз жиырма бірге келіп, өзіңізді ересек адамдай сезінсеңіз де, сіз әлі баласыз. Мұны жасыңыз отызға жетіп, ата-анаңыздан өзге үлкен кісілермен тіл табыса білген кезде түсіне бастайсыз. Дәлірек айтқанда 21 жасыңызда кішкене эмбрион болсаңыз, 27 жасыңызда балақайсыз.
№2 шындық
Жас ұлғайған сайын денсаулық нашарлайтынын түсінгендіктен, 30 жасқа келгенде денеңізге ерекше күтім жасайсыз. Жастық шағында түнгі клубтан шықпай, той-думаннан қолы тимеген адам мен бар уақытын білім-ғылымға арнаған адамның айырмашылығын көре бастайсыз. Алғашқылары көңіліңізден шықпауы мүмкін.
№3 шындық
30 жасқа келгенде таңдауды тек қана өзіңіз жасайсыз. Достарыңызбен қатар отырып ішімдік ішіп немесе ешкімнің пікіріне қарамастан, бәрінен бас тартуыңыз мүмкін.
№4 шындық
Шын мәнінде қартаюдың да өзіндік жақсы тұстары бар. Жасыңыз ұлғайған сайын жалғыздықты аңсап, жалғыз бақытты болуға болатынына көзіңіз жетеді. Бұл отбасылық өмірден бас тарту деген сөз емес. Бар болғаны сіз ешкімнің әсерінсіз, өздігіңізден бақытты бола аласыз. Кемшіліктеріңізді сол күйінде қабылдайсыз.
№5 шындық
Бір кезде жүрегіңізді жаралаған махаббат ақылды әйелге айналдырады. Бұрынғы жігітіңізге қарағанда жақсы адамды жолықтыратыныңызға сенімді болғандықтан, оның барлығын жауапсыз махаббат деуге болмайды.
№6 шындық
Жасыңыз ұлғайған сайын туған-туысқандарыңызды іздеп, оларға және өзіңізге қамқорлық танытуыңыз керектігін түсінесіз. Өзгенің өмірі сізді мүлдем қызықтырмайды.
№7 шындық
30 жасқа келгенде жастық шағыңызда артық салмақ үшін алаңдап, жаттығу залына барып, әр минут сайын косметика жаққан әрекеттеріңіз өзіңізге күлкілі болып көрінеді. Құндылықтарыңыз өзгере бастайды.
№8 шындық
30 жасқа келгенде бастығыңызға жағымпаздануды доғарып, қалаған уақытыңызда кезекті демалыс аласыз. Ал алдыңыздан пікіріңізді сыйламайтын адамдар шығып жатса, өмірдің тым қысқа екенін біліңіз.
№9 шындық
Ақшаның өміріңізде қандай рөл атқаратынына дұрыс баға беріп, тек сенімді деген адамдармен ғана достасуға тырысасыз. Танымайтын адамдарға толы үлкен той-думандардан, жақын адамдарыңыз ғана жиналған кештерді артық көресіз.
№10 шындық
Биологиялық жасыңыз отызға келген болса, жоғарыда не туралы жазғанымызды жақсы түсінесіз. Ал өтпелі кезеңде сіз айналаңыздағылардың пікіріне тәуелді болып, 30 жасқа келгенде олардың сіз туралы мүлдем ойламағанын түсіне бастайсыз.