Адамның сырын оның тұрысы не отырысына қарап ұғынуға болатынын айтқан едік. Ендігі мәселе жігіттің кездесуде отыру мәнеріне қарап, оның сіз туралы не ойлайтыны.
Жиһаз не орындықта отырған ол шамалы еңкейіп, тізесіне қолдарын тіреп отырады. Демек ол сізді ұнатып, жақынырақ танысуға дайын.
Аяғын отырған орындыққа іліп отырған жігіттің айтылмаған сыры бар екені анық. Қандай мәселені талқылап жатыр едіңіз? Мүмкін оның осы тақырыпта сырлары болар.
Сіздің жігітіңіз кездесуде қалай отырады?
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: cosmo.kz