- Негізгі бет
- Психология
- "Отырған қыздың" отыз...
"Отырған қыздың" отыз сылтауы
Қоғамда «отырған қыздар» жайлы сан түрлі пікір бар. Сол секілді, мұндай аруларымыздың да сан көп. Біз бұл жазбамыз арқылы тұрмысқа шықпай жүрген қыздардың отыз түрлі сылтауын анықтамақпыз. Сонымен, қыздар, не үшін тұрмыс құрмай жүрсіздер?
«Өз жағдайымды жасап, ешкімге қол жаймайтындай болғанда ғана тұрмыс құрамын»
«Ата-анам мені өсірді, оқытты – олардың алдында қарыздармын. Алдымен олардың алдында өз парыздарымды орындап алайын, содан кейін көре жатармыз...»
«Тұрмыс құру жайында әлі ойланып көрмеппін»
«Тұрмыс құруға әлі де кеш емес, мен әлі отырған жоқпын»
«Тұрмыс құрған соң тек тұрмыстың әлегімен жүре бересің, жүре бересің. Бір қарасаң – әже болып отырасың...»
«Жігіттердің бәрі өтірікші»
«Ойымдағы жігіт кездеспей жүр»
«Жігітімнің үйленуге ұсыныс жасағанын күтіп жүрмін»
«Алдыма қойған мақсаттарыма жетіп алайын»
«Тұрмыс құрғым келмейді»
«Еркектердің сауы жоқ, бәрі – опасыз! Бүгін мені ұнатса, ертең басқа біреуге басы ауып кетеді»
«Жігіттер тек қыздардың түріне ғана қарайды. Өздерінің реңдерінің қандай екенімен тіпті де жұмыстары жоқ»
«Тұрмысқа шықсам проблемаларым көбейіп кетеді. Онсыз да біразын әлі шеше алмай жүрмін»
«Мен анамның жалғызымын. Тұрмысқа шыққан күнде де анамды қолыма алуым керек. Көбі мұндай талапқа келіспейді. Мен де жалынбаймын»
«Күйеуге тиген соң ешқайда шыға алмай, жіпсіз байланып қаласың. Арманың да, мақсатың да, жоспарың да жайына қалады»
«Бала туғым келмейді. Өйткені өзімнің мінсіз дене бітімімді бұзып алудан қорқамын»
«Мені ұнатқандарды мен ұнатпаймын, маған ұнағандар мені ұнатпайды»
«Ағам үйленсін алдымен. Сосын әпкем бар әлі»
«Ауылда үйімізді жөндетіп, есіктің алдына цемент құйып алайық»
«Шетелге шығып, ел көріп, жер көріп қалайын»
«Тұрмысқа шығып несіне асығамын? Өмірдің бар қызығын көріп алмаймын ба?»
«Тұрмысқа шыққан құрбыларымды көріп жүрмін: жетісіп жүрген ешкім жоқ. Түрлері әбіржіп, шетінен бала туып үйлерінде отыр»
«Докторлықты қорғап алайын, әйтпесе отбасылы әйелдің білім алып, жұмыс жасауы қиын болып кетеді»
«Келісімшарт бойынша әлі біраз жылға дейін тұрмысқа шығуыма рұқсат жоқ»
«Біреуге бағынышты болғым келмейді. Біреудің айтқанымен жүріп тұру менің қолымнан келмейді. Тұрмыс құрғанның өзінде осындай мінезім үшін көпке бармай ажырасып тынатын шығармын. Сондықтан бастап, жарты жолдан тастағанша, мүлде бастамай-ақ қойсам деймін»
«Тұрмыс құрғым-ақ келеді. Бірақ жігіттердің бәрі үйленерде «Сені үлде менен бүлдеге орап қоямын», «Сені өмір бойы сүйіп өтемін», «Сені алақанымда ұстаймын» деген шаблон сөздерін айтып-айтып алады да, үйленген соң жұдырық ала жүгіреді»
«Өмір өзі – тым қысқа. Оны тұрмыста өткізгім келмейді»
«Маған ұнаған жігіттерді анам ұнатпай жүр»
«Әйел болуға әлі дайын емеспін»
«Болашақ енемнің қандай боларын ойлап қам жеймін. Егер ол жайсыз болса, күйеуіңнің жақсы болғанынан не пайда? Сондықтан жігіт емес, ене таңдап жүрмін»
Сурет: Евгения Горобец
Ұқсас жазба:
Қыз баланың өмірдегі басты мақсаты не?
А. Әбілхан