Отто Кернберг заманауи тұлғаға қатысты психоаналитикалық теорияны жасап, психологиялық аурулармен күресу жолдарын ұсынды. Кейінгі уақытта махаббат пен адам денесі мен психологияның арасындағы байланысқа кеңінен мән беріп жүр. Өзінің зерттеу жұмысында саналы сезімнің 9 белгісін атап көрсеткен болатын.
1. Өз серігінің өмірлік жоспарларына қызығушылық таныту (шектен шықпау).
2. Сенім: екіжақты ашық болу, сөйлесу және шындықты айту.
3. Кешіру қабілеті, үнсіз көнуден бас тарту, агрессияның барын мойындау.
4. Қарапайымдылық және алғыс білдіреу алу.
5. Бірге өмір туралы ортақ ойдың болуы.
6. Саналы тәуелді болу; көмекті қабылдау (өзін кінәламай, ұялмай, қорқынышсыз) және көмек көрсету; міндеттерді теңдей бөлу.
7. Физикалық жақындықтың жиі болуы. Физикалық жетіспеушіліктер, түрлі дене өзгерістеріне қарамстан жұбын қабылдау.
8. Қызғаныштың, ұрыстың болатынын түсіну, жеке шекараларды қолдана алуы.
9. Жұптағы екі адамның махаббаты екі түрлі болатынын түсіну. Біреудің махаббаты күштірек, бірінікі әлсіз болуы мүмкін екенін ұғу керек.