Бәріміз өтірік айтамыз. 20 жыл бойына өтірік айтатын адамдар психологисын зерттеген профессор Тимоти Лнвайнның есебі бойынша, әр адам күніне 2 рет өтірік айтады. Ал, зерттеуші Робер Фельдманның ойынша, жаңа танысқан сәтте адам 10 минут ішінде үш рет өтірік айтып үлгеруі мүмкін дейді. Соған қарамастан адамдар, өтірікті аңғару оңай дейді. Дегенмен, олай емес... Қарапайым адам өтірікті тек әрбір екінші жағдайда ғана аңғаруы мүмкін. Тіпті, мамандардың өзі тек 60% жағдайда ғаан аңғарады. Өтірік дертіне өзін қатты жақсы көретіндер, ашушаң және қызғаншақ адамдар жиі шалдығады. Егер әңгімелесушіңіз жұмыс орны мен тұрғылықты мекен-жайын жиі ауыстырса, оның өтірік айту мүмкіндігі арта түседі. Егер біреуді жазғырып жатырсаңыз, оны сақтықпен жасаңыз. Әрбір адам да қорғаныш өтірігі жұмыс істейді. Тынымсыздық пен ызақорлық өтіріктің басты көзі. Балалар мен дамымаған ересектер ғана өтірік айтқанда жанарын басқа жаққа бұруы мүмкін. Ал, қалғандары көзіңізді бақырайтып тұрып, өтірік айта алады. Өтірікшінің іс-әрекетін әшкере етпей тұрып, оның неліктен бұл қадамға барғанын ойлаңыз. Мүмкін себебі бар шығар...