- Негізгі бет
- Психология
- Өтірікшіні мұрнына қарап...
Өтірікшіні мұрнына қарап таны
Сенсация! Пиноккио мен Буратиноның аңызы шындыққа айналды. Егер адам өтірік айтса, оның мұрны лезде қызарып шыға келеді екен!
Егер ыңғайсыз жағдайдан шығу үшін немесе тығырыққа тірелген кезде өтірік айтуыңыз керек болса, мұрныңызды қолыңызбен жаба қойыңыз деп кеңес береді Испаниядағы Гранада университетінің ғалымдары. Ғалымдар өз қалауымен бұл зерттеуге қатысқан адамдардың өтірік айтқан сәттерін термографиялық суретке түсіріп көрген кезде, адам бойындағы температура күрт көтерілген екен. Тепловизор (адам бойындағы температураны өлшейтін құрал) арқылы көрінген адам сұлбасында барлық жер қызармай, тек мұрны ғана өзгеріске түсетін болып шықты. Адамнан инфрақызыл сәулелері шыққан кезде оның өтірік айтып отырғаны белгілі болады.
Өз кезегінде ғалымдар зерттеуден шыққан нәтижені «Пиноккио эффектісі» деп атады.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: mhealth.ru
А. Құлтай