Өтірік айтатын адам қандай сөздерді жиі айтатыны анықталды
Тіл мамандары Дж.Арчули, Д.Маллард және Г.Виллар өздерінің "Мен сенің өтірік айтып тұрғаныңды білемін" жұмысында өтірікшілерге алданып қалмас үшін мына сөздерді есте сақтауға шақырды. Бұл сізге алданып қалмауға көмектеседі.
"Мм... хм..." деген секілді үзілістердің мүлдем болмауы
Біз сөйлеген кезде арасында үзілістер болады. Әдетте, мұндай үзілістерді адам қажет сөзді іздеп отырғандай болып, еш мағынасы жоқ одағайлармен толтырады. Кей зерттеулер бойынша, егер мұндай толтырылған үзілістер көп болса, біз шынайы сана ағынына тап болдық: адам сөйлемді тап қазір ойластырып жатыр.
Ал егер адам өтірік айтып тұрса, мұндай үзілістер өте аз болады немесе мүлдем болмайды. Себебі ол сізге айтқысы келетін нәрсені алдын ала дайындап алған болуы мүмкін. Оған қоса, өтірік айтатын адам "мм" және "хм" дегендер оның сенімсіздігін көрсетеді деп ойлап, оларды жасанды түрде басуға тырысады.
Біртекті лексика
Адам өтірік айтқан кезде ол көп сөйлемейді және жағдайдың егжей-тегжейлігіне тоқталмайды. Ол өзінің аңызында өзі шатасып кетпес үшін аз сөйлеуге тырысады. Мұндай әңгімеде детальдар аз болады, себебі әдетте оларды тексеру оңай.
Ғалымдардың айтуынша, егер әңгіме шын болса, ол көп сөзге және синонимге толы болады.
"Сендіруші" сөздер
Өтірікшілер "әрқашан", "мүлде", "ешқашан" деген секілді сөздерді өте жиі қолданады. Олар бұл сөзді әңгімелесушіні көндіру үшін пайдаланады. Ал өтірік айтпайтын адам "мүмкін" сөзін жиі қолданады.
Өз-өзіңізге абьюзер екеніңізді көрсететін 7 белгі
А. Жапатова