Өзгелердің көңіліне қараймыз деп, өзіміздің шаруамыздың шетке шығып қалатын сәттері болады. Жан-жағымыздан «Мынаны жасап берші» деген секілді өтініштер түсетіндіктен, өз жұмыстарымызды межеленген уақытқа дейін сапалы түрде орындай алмаймыз. Осы секілді кедергі жасайтын ұсыныстардан бас тартып, «Жоқ» деп айту үшін төмендегі бірнеше кеңесімізге назар аударыңыз. Оның көмегімен кез келген өтініштен адам ренжімейтіндей етіп бас тартуға болады.
Мұның қандай қиындығы бар? Біз өзімізге қарағанда өзгелердің жағдайын көбірек ойлап, олар ренжіп қалмас үшін игі істер жасаймыз. Мұнымен қатар, өтініш жасаушы адамдармен күнде кездесетініміз бар. Олай болса, «Жоқ» деп айтуды үйренейік:
1. Өз уақытыңызды бағалаңыз. Өзгелердің 1 минутын да ұрламауға және жоспарлаған істерге арналған уақытыңызды басқаға жұмсамауға тырысыңыз. Сол кезде өзгелердің өтінішін орындай алмайтындығыңызды түсінесіз. Ал уақытыңыздың қандай жұмыстарға арналғандығын есіңізге түсірген кезде кезекті өтініштен бас тартуға себеп табылады.
2. Басымдылық танытыңыз. Уақытыңыз жеткілікті болған жағдайда да оны өзге істерге жұмсағаныңыз дұрыс па? Мүмкін ол уақытты отбасыңызға немесе жеке өзіңізге арнағыңыз келетін шығар.
3. Тәжірибе. Үнемі «Жоқ» (тек өтініштерге қатысты) деп айтатын болсаңыз, өзіңізге таңылған «Ол – ақкөңіл» деген сөзден арыласыз. Достарыңыздың құлағы үйреніп, сізді артық өтініштерімен мазаламайтын болады.
4. Кешірім сұрамаңыз. Жәй ғана: «Көмектесер едім, тек ...» деп шын мәнінде қолыңыз тимейтіндігін түсіндіріңіз. Егер өзіңізді кіналі сезінетін болсаңыз, көп кешікпей ол адам сізді ырқына көндіріп алады. Өзіңіздің қызығушылықтарыңызды қорғап, барынша табандылық танытуға тырысыңыз.
5. Жаман адам болғаныңыз жөн шығар. Әлсіздігімізді көрсету арқылы бізді пайдаланып қалғысы келетіндер үшін жағдай жасаймыз. Әсіресе, ашуын өзгелерден алғанды жақсы көретін адамдар үшін таптырмас құрбанға айналамыз. Осындай адамдарға табандылық таныта біліңіз.
6. Бастықтардың өтінішінен бас тартуға қорықпаңыз. Жұмыста "бастықтың ұсынысынан бас тартсам, мені қызметтен босатады" деген секілді кеңінен таралған ой бар. Өзіңізге тапсырылған істі дұрыс орындау үшін уақыт пен күш-қайрат керектігін түсіндіруден қорықпаңыз.
7. Алдын ала сақтаныңыз. Салдарын болдырмас үшін, себебін тоқтатуымыз керек. «Жоқ» деп ұсыныстан бас тарқыңыз келмесе, ол ұсыныс айтылмайтындай жағдай жасаңыз. Біреудің сізге өтініш айтпақ болып жүргенін естісеңіз алда келе жатқан күндері бос болмайтындығыңыз туралы қауесет таратыңыз.
8. «Мен бұл іске кейін ораламын». Ұсыныстан келіспейтіндігіңізді бірден айтып бас тартудың қажеті жоқ. Бұл мәселені кейін қарап, ойланып көретіндігіңізді айтыңыз. Мүмкін жақсылып ойланған соң қызығушылығыңыз пайда болатын шығар. Ал егер қызықпайтындығыңызды білсеңіз, бірден бас тартқаныңыз жөн.
9. «Мәселе сізде емес, менде». Өзіңізге түскен ұсынысты барынша мақтап, артынша өзіңізге мүлдем лайық еместігін айтыңыз. Алайда жасандылық танытпағаныңыз жөн. Адамдар оны бірден сезеді.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: liveinternet.ru