- Негізгі бет
- Психология
- Отбасының билігі баланың...
Отбасының билігі баланың қолында
Балаларымыздың есебінен ақша тауып қалғысы келетін адам көп. Біз, ата-аналар, құрбан рөліне еніп, өз ұрпағымыздың қажеттілігі үшін барымызды беруге барамыз. Бірақ баламыз үшін қанша ақша құртсақ та, неге өз-өзімізге сенімсізбіз? Бұл сұрақтың жөнді жауабы мынау: біз баламызға ұнағымыз келеді.
Бір швед газетінде мақала жарияланып, онда бүгінгі балалардың отбасындағы қаржыны қадағалайтыны жайында айтылған. Енді бүгін қандай тамақ жейтінімізді, кешке қандай бағдарлама көретінімізді балалар анықтайтын болды. Тіпті үйде бір емес, бірнеше теледидар болса да, қай арна қосулы тұратынын шешетін – бала екені рас.
Қаржы жайында не айтуға болады? Егер мен бүкіл қажеттілігіміз баламыздың қызығушылығына сай құрылады деп айтсам, сіз таңғала қоймассыз. Әлбетте балаңыздың киіміне мән бересіз. Қамқор ананың ойынша, егер бала мектепке ескі шалбар киіп барса, ол өмір бойына жететін психологиялық күйзеліске ұшырайтын болады. Бала кішкентай күніндегі жан жарасын ешқашан ұмытпайтыны рас. Бірақ киім мәселесіне келгенде ата-ана неге екінші орынға ысырылып қалады? Не киетінін баланың өзі шешкені тым артық емес пе?
Одан бөлек, қазіргі таңда жазғы демалысын қайда өткізетінін баланың өзі анықтайтын күйге жеттік. Отбасымен бірге Тайландқа барамыз ба, Канарға барамыз ба – оны төрт жастағы бала мен үш жастағы қыз шешеді. Көп дегенде отбасы ортасында дауыс беру жүргізіледі. Бұл жағдайда да ата-ана өздеріне қатаң қағида жасаған: олар балаларын тыңдауы керек.
Автор: Швед психиатры, жеті баланың әкесі Дэвид Эберхард
Жалғасы бар
Р. Роза